Өркениет

Мейрамбек: Әйеліме құда түсіп барғанда ата-анасы әртіс деп маған сенбеген еді

  • Мейрамбек: Әйеліме құда түсіп барғанда ата-анасы әртіс деп маған сенбеген еді

    Мейрамбек: Әйеліме құда түсіп барғанда ата-анасы әртіс деп маған сенбеген еді

Мейрамбеr Бесбаев өзін жақсы күйеу баламын деп мақтады. Қайын жұртының көңілінен шыққан әртіс о баста өзіне деген сенімсіздік болғанын жасырмайды. Ол жары Мархабатқа 17 жасында құда түскенін айтты.

Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарламасында айтылды.

 
"Мархабат екеуміздің отау құрғанымызға 16 жыл болды. 2004 жылы отбасын құрдық. Ол кезде Мархабат жас. Құда түсіп барғанда анасы қызының әлі жас екенін айтты. Тым болмаса 18 жасқа толсын да деді. Одан бөлек әртістерге сенбейтін көзқарас бар еді. Маған да сеніңкіремеген секілді", - деді Бесбаев.


Алайда бұл өткен күннің әңгімесі. Бүгінде күллі қазақтың сүйікті әншісі қайын жұрты үшін де сүйікті күйеу бала. 

"Менен асқан күйеу бала жоқ қазір. Бір бажам бар. Жақсы араласамыз. Мархабаттың әкесі де жақсы кісі. Өмірден өткенше батасын беріп, ризашылығын айтқан еді. Жақында өмірден өтті. Біз ол отбасыға сіңісіп кеттік. Қайын жұртыммен арамыз жақсы", - деді әнші. 

Бұған дейін Бесбаев жарының туған күнін дүркіретіп атап өткен еді. 

stan.kz




Көрілген: 1484    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.10.2020, 11:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30