Өркениет

Мейрамбек Бесбаев ұлы мен қызын бейнебаянға түсірді (видео)

  • Мейрамбек Бесбаев ұлы мен қызын бейнебаянға түсірді (видео)

    Мейрамбек Бесбаев ұлы мен қызын бейнебаянға түсірді (видео)

Мейрамбек Бесбаев ұзақ уақыттық үзілістен кейін, тыңдармандарына жаңа бейнебаянын ұсынды. Ол ел арасында кеңінен тараған "Өмір өтті" атты туындысына клип түсіріп, балаларын түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейнебаянда басты рөлді Мейрамбектің ұлы Абухайыр мен танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов сомдаған. Сондай-ақ, әншінің қызы Кәусар фортепианода ойнаған.

"Бұл ән 2009 жылы жарыққа шықты. Керемет әннің дүниеге келуіне себепкер болған Саят досым (Медеуов) мен сазгер Бағлан Омаров ағам. Тамаша ән үшін Бағлан аға сізге мың алғыс. Сөзін жазған аға досым, марқұм Есенқұл Жақыпбеков ағам тыңдап, оң бағасын беріп еді... Көптен бері осы әнге тарихи бір жақсы дүние түсіруді армандап жүрдім. Бүгін міне шүкір сол арманым орындалды.

Осы туындының режиссері Теменов Талғат ағама, өтінішімді жерге қалдырмай басты рөлді сомдап берген, қазақ өнерінің мэтрі Тұңғышбай Жаманқұлов ағама және түсірілім тобына, атсалысқан достарыма, іні-қарындастарыма алғыстан басқа айтарым жоқ. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді. Береке бірліктің арқасында тамаша туынды өмірге келді деп ойлаймын", - деп қуанышты хабармен бөлісті әнші Instagram-да.

Тыңдармандар өнер иесінің жаңа туындысын жылы қабылдады.

"Керемет бейнебаян құтты болсын! Абухайырға әкесінің керемет өнерін берсін Алла жар болсын!", "Өміріміз өтіп жатыр аққан судай жылжып ағып шынымен шіркін! Керемет өлең!", "Екі дәуірдің тоғысқан сәті. Кинодан үзінді сияқты. Клип құтты болсын!", "Абухайырдың өнердегі қадамы құтты болсын! Тек қана ақ жол! Керемет туынды", - деп жазды олар.




Көрілген: 637    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.10.2021, 09:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31