Өркениет

Министр «Қалаулым» мен «Өз ойым» бағдарламаларын жабуға қатысты пікір білдірді

  • Министр «Қалаулым» мен «Өз ойым» бағдарламаларын жабуға қатысты пікір білдірді

    Министр «Қалаулым» мен «Өз ойым» бағдарламаларын жабуға қатысты пікір білдірді

 ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Nur Otan» партиясында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау кезінде «Кел, келінім», «Қалаулым» және «Өз ойым» бағдарламалардың мәселесі көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Алматыдан бейнебайланысқа шыққан журналист Бибігүл Ысқақова аталған жобалардың жастар тәрбиесіне кері әсер етіп жатқанын жеткізді.


«Бүгінде телеарналар рейтингтің құлы болып кетті. Соның бірі - 7-ші арнадағы «Өз ойым» бағдарламасы. Оны түскі сағат 15:00-де көрсетеді. Ол кезде үйде отырған әйелдер мен апалар көреді. Балалар да көреді. Өзім көріп едім, сұмдық бағдарлама екен. Шетелде талай рет болдым, түскі уақытта ондай масқараны көрген емеспін. Мәселен, Ресейдегі «Дом-2»-ның өзін түнде көрсетеді. Ал біздегі «Өз ойым»-ды түсте көрсетіп, жыныстық қатынас туралы ашық айтады», - деді Б.Ысқақова.


Осы орайда журналист нақты мысалдарды да келтіріп, ондай бағдарламалардың жастар тәрбиесіне қаншалықты кері әсер ететінін жеткізді. Бүгінде көрермендер де жиі арызданады, ондай жобалардың мазмұнына баса назар аударуды сұрайды.


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өз кезегінде журналистің азаматтық ұстанымын құптап, ондай сын-ескертулерді жиі айту керектігін жеткізді.


«Біріншіден, бұл жекеменшік арна. Мен министр ретінде тек терроризм немесе балаларға қарсы бір теріс контент болса ғана араласып, ондай үгіт-насиxатқа әсер ете аламыз. Әйтпесе, цензура болып кетеді. Мәселен, қазір сіздер маған «Өз ойым», «Қалаулым» сияқты бағдарламаларды неге жаппайсыз деп ұрсасыз да, ал осы жерден шыққаннан кейін мені сөз бостандығына шектеу қойды деп сынайды. Сол себепті бұл жердегі басты мәселе - көрерменнің қалауы. Себебі әрбір ата-ананың қолында, баланың қолында теледидардың пульті бар. Қандай бағдарлама көретінімізді өзіміз таңдауымыз қажет. Екіншіден, ата-аналардың жауапкершілігі де бар. Балалар қандай арнаны көріп отыр? Қандай әлеуметтік желілерде отырады? Осыны ата-аналар бақылап отыруы қажет», - деді Д.Абаев.


Министрдің сөзіне қарағанда, бұған дейін 7 арнаның басшылығы мен бағдарлама авторларымен келіссөздер болды. Оған сәйкес, бағдарламалардың мазмұны дұрыс болуы керек.


«Мәселен, «Қалаулымды» алайық, енді, мен өзім көрмеймін, бірақ маған айтты, қазіргі бағдарламалары күрт өзгертіп жатыр. Осы «Қалаулым» басында шыққанда қандай болды, қазіргі тақырыптары басқаша. Сол сияқты «Өз ойым» да бірте-бірте қалыпқа келеді деп ойлаймын», - деп атап көрсетті Д.Абаев.




Көрілген: 1598    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.04.2019, 09:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30