Өркениет

Модель фотода целлюлитін көрсетіп, кемшіліктерді жасырудан бас тартуға шақырды

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Британиялық модель мен теледидар жұлдызы өз денесінің суретін өңдеусіз көрсетті, желі қолданушыларын кемшіліктерді жасырудан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Блогер Джорджи Кларк Instagram парақшасынад коллаж жариялап, іш киімдегі денесін әр қырынан көрсетті. Сол жақтағы кадрда ол камераға қарап, иықтарын түзетіп, бөкселерін қолдарымен ұстайды. Мұндай поза танымал адамның сымбатты көрінуіне мүмкіндік береді.

 

Екінші фотода Кларк жамбасы мен бөкселеріндегі целлюлитті көрсету үшін артқа бұрылады. Ол жазбасында әлеуметтік желілердегі алдамшы суреттер көптеген адамдардың өзін-өзі бағалауына теріс әсер ететінін атап өтті.

 

"Әркім өзінің ең жақсы фотосуреттерін жариялайды - бұл қалыпты жағдай, алайда осы кадрларға қарап біз шындықты ұмытып кетеміз. Егер блогерлер дененің созылу белгілерін, целлюлит пен тыртықтарды көрсетпесе, бұл олардың жоқ екенін білдірмейді", — деп жазды модель.

 

"Неге бізге сұлулық стандарттарын ұмытпасқа? Нағыз адам денесін қалыпқа келтірейік", - деп қосты ол.

 

Теледидар жұлдызының жанкүйерлері оның бұл әрекетіне риза болып, алғысын білдірді.

 

"Рақмет саған!", "Мен сені сүйемін!", "Сен тамашасың!", "Сен мені нағыз әйел сезінуге итермелейсіі! Саған рақмет айтқым келеді. Керемет адамсың, және  бізге қаншалықты әдемі екенімізді еске түсіргеніңді өте жоғары бағалаймын", "Мұндай фотосуреттерді жариялағаныңыз үшін рақмет, бұл маған көп көмектеседі", — дейді қолданушылар.

 

 

 




Көрілген: 1044    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.04.2021, 03:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31