Модель жігіт 13 жасында зорланғанын ашық айтты

20 ақпан 2022, 19:16

Бұл оқиғаны жақында әлеуметтік желіде Цезарь есімді жас жігіт бөлісті. "Экспресс К"-ге берген сұхбатында ол бұл оқиғаның оның жүрегінде мәңгі сызат болып қалатынын мәлімдеген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 

Жігіттің мойындауы Қазнетті дүр сілкіндірді, өйткені мұндай жайттарды жұртшылық алдында мойындауға әркімнің батылы жете бермейді. Айтуынша, 13 жасында оны ересек адам зорлап кеткен. Көптеген жылдар өтті, ол бала ер жетті. Бірақ болған оқиға оның жүрегінде мәңгі қалды. Ол болған жайтты ешкімге айтпады.

 

Қазір мен үлкендердің ортасында жалғыз қалуға қорқамын. Түнде жүруге де қорқамын, — деп мойындады жас жігіт.

 

Айтпақшы, зорлау фактісін мойындау қызу пікірталас тудырды. Көптеген қыздар оны аяп, сұлулығына сүйсінді.

 

Модель андрогиндік стильді ұстанады, яғни көзі мен ернін бояп, сыртқы келбетіне ерекше қарайды. Оңтүстік Кореяда жас жігіттердің 20 пайызы косметика қолданса, Қазақстанда бұл өте қиын үрдіс. Цезарь өзінің имиджіне байланысты оған қатты қысым жасап жатқанын айтады және бұл барлық уақытта талқылана беретін дүние.

 

Азат елміз десем, олар маған: иә, азатпыз, бірақ бәрібір «Кеңес еліміз» деп жауап береді. Олар менің әлеуметтік желілерімді қадағалаймыз деп қорқытады, деді жігіт.

 

Оның айтуынша, еркек пен әйелдің сыртқы келбеті туралы көптеген стереотиптер бар.

 

Барлық адамдарға айтқым келетіні: әркімнің өз өмірі бар және кез келген адам өзі қалағандай өмір сүруге толық құқығы бар, дейді ол.