Өркениет

Мөлдір Әуелбекова: Өздеріңіз қытайдың киімін киіп, америкалықтардың шалбарын тырыстырып жүрсіздер ғой

  • Мөлдір Әуелбекова: Өздеріңіз қытайдың киімін киіп, америкалықтардың шалбарын тырыстырып жүрсіздер ғой

    Мөлдір Әуелбекова: Өздеріңіз қытайдың киімін киіп, америкалықтардың шалбарын тырыстырып жүрсіздер ғой

Мөлдір Әуелбеков бес парыздың бірі болған намазды оқып, орамал таға бастады. Мұны бірі қолдаса, бірі айыптап жатты. Сахнада орамалдың ерсі көрінетінін айтқан тыңдарманы жетерлік. Әнші осы тұста өзін араб болып кетті деп айыптағандарға жауап берді.

Айта кетейік, жақында екінші мәрте тұрмыс құрған әнші есімін Айша деп ауыстырып, мұсылманша атты иемденді. Орамал тағып ән айтып, көп алдына шығып жүр. Бұған көзі үйренбеген желі қолданушылары түрлі пікір жазысты.

"Арабтың киімін киіп не керек? Қазақты араб қылудың керегі жоқ. Қазақтың киімдері мұсылманға жат емес. Хиджаб киіп, қазақтың салтын құртып жатыр", - деп айыптады олар.

"Арабтар да бұрын пұтқа табынған. Кейін исламды қабылдай келе орамал таға бастаған. Бұл арабтың киімі емес, мұсылманның киімі. Алланың әмірі. Қазақтың салтын ұстанатын болсаңыздар, қайсысыңыз кимешек киіп, көшеде үкі тағып жүрсіздер? Бәріңіз қытайдың киімін киіп, афроамериалықтардың джинсы шалбарын тырыстырып, түріктің көйлегін киіп жүрсіздер. Дін ұлтқа бөлінбейді. Бастысы Алланың әмірін тыңдап, әурет жерді жабу. "Басқа бәле -тілден" дейді. Өздеріңізге күнә жинамаңыздар. Екі періште бәрін жазып отыр. Сіз бен біздің сөзіміз үшін де жауап береміз. Жүректеріңізге иман берсін", - деп жазды олар.

"Жарасып тұр өзіңе орамалың. Аллаға жағар бәлкім бұл амалың. Әттең қазір көп қыздар білмейді ғой, Жалаң бас боп жүргеніне сұраларын", "Ееееең сұлу келіншек, әдемі жарасады", - деп жазды желідегі қолдаушылары.

Stan.kz




Көрілген: 2498    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 18:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30