Өркениет

Мөлдір Әуелбекова сүйіктісімен түскен суретін жариялады

  • Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова соңғы кездері оқырмандарына барынша ашылып, жеке өмірінің құпияларымен бөлісе бастаған. Өнер иесі өткен аптада қыр соңынан қалмай жүрген азаматқа үміт беруге қатысты желідегілер пікірін сұраса, бұл жолы тіптен сүйіктісімен түскен фотосымен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Мөлдір Әуелбекованың Instagram парақшасында жариялаған суреті желіде қызу талқыға түсті. Фотода эстрада жұлдызы көлікте бейтаныс ер адамның қолынан ұстап отырғанын көруге болады.

 

Оған қоса, өнер иесі махаббат туралы ерекше жазба қалдырып, өз жанкүйерлерін одан бетер қызықтырып қойды.

"Махаббат - жұқпалы ауру! Жұғу жолдары: вирустары көз арқылы кiрiп журекке әсер етедi. Белгiлерi: күндiз күлкі жоқ, түнде ұйқы жоқ, тамаққа тәбеті жоқ. Күтiмi: күнде кездесу. Емi - үйлену!" , - деп жазды әнші.

 

Желі қолданушылары суреттегі азаматтың кім екенін анықтай алмай әлек болып, бірден Әуелбекованы сұрақтың астына алған. Олардың басым көпшілігі жалғызбасты әртістің сүйіктісін жолықтырғанына шын көңілден қуанғанып, оған ақ тілегін білдіріп жатты.

 

"Бұл кім болды екен?" , "Жасырып жүрген серіңіз осы кісі ма?" , "Тамаша, сіз үшін қуаныштымын Мөлдір" , "Бақытқа лайықсыз" , "Сіздің бақытты болғаныңызды қалаймын" , "Ұзағынан болсын, махаббаттарыңыз баянды болғай - деп жазуда көпшілік.

 

 




Көрілген: 3055    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 13:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30