Өркениет

Мөлдір Әуелбекованың орамал туралы әңгімесі: мәдениет министрі пікір білдірді

  • Мөлдір Әуелбекованың орамал туралы әңгімесі: мәдениет министрі пікір білдірді

    Мөлдір Әуелбекованың орамал туралы әңгімесі: мәдениет министрі пікір білдірді

Ақтоты Райымқұлова халықтың назарында жүрген адамдарды өркениетті елдің ережелерін ұстануға үндеді. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әнші Мөлдір Әуелбекованың "діни насихатына" қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тілшілер Мөлдір Әуелбекованың діни әңгіме айтуына байланысты сұрақ қойды.

"Қазіргі кезде танымал адамдар әлеуметтік желіде өзінің діни көзқарасын ашық айтып жүр. Олардың ішінде "Қазақконцерттің" қызметкерлері де бар. Мәселен, Мөлдір Әуелбекова бір постында мектепке баратын қыздарға басын жауып баруға болатынын жазған. Соны өзі де қолдайды. Өркениетті елде мемлекеттік кәсіпорын қызметкерінің осындай насихат жүргізгені дұрыс па?", &ndash деді журналистер.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әнші образының өзгергенін байқаған. Осы орайда ол өркениетті елдің ережелерін сақтау қажеттігін жеткізді.

Мөлдір Әуелбекова жақында ғана тұрмысқа шыққанын атап өткен министр, оның түскен шаңырағындағы діни ұстанымға байланысты ол образын біршама өзгерткен болуы мүмкін екенін еске салды.

"Әрине, онымен ғана емес, мәдениет саласының басқа да қызметкерлерімен үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Себебі олар &ndash танымал адамдар. Олардың сөзіне миллиондаған адам құлақ асады. Иә, өз пікірін білдіре алады, бірақ бұл оның жұмыс істейтін уәкілетті органның немесе ұйымның ресми көзқарасы болып саналмайды", &ndash деді Райымқұлова.
Министр халықтың назарында жүрген адамдарды өркениетті елдің ережелерін ұстауға үндеді.

Айта кетейік, әнші Мөлдір Әуелбекова карантин уақытында екінші рет тұрмысқа шыққан болатын.

"Ал, халқым! Қасиетті Рамазан айында Алланың қалауымен екі дүркін орамалды болдым! Әлхамдулиллях! Құтты болсын!", &ndash деп жазды ол өз парақшасында.

Әнші тойдан кейін орамал таға бастады. Сол үшін қалың көпшіліктің сынына да ұшырады.




Көрілген: 2440    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.10.2020, 16:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30