Өркениет

"Мойным, қолым тілінген": Белгілі дәстүрлі әншіге қарақшылық шабуыл жасалды

  • https://kaz.caravan.kz/

    https://kaz.caravan.kz/

Алматыда белгілі дәстүрлі әнші Уатхан Заханқызына шабуыл жасалды.

Бұл туралы әнші instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Әншінің айтуы бойынша бұзақы жігіт оны өлтірмек болған, кейіннен ақшаны қолына алған ұры ізім-қайым жоқ болып кеткен.

"Бүгін шамамен түнгі 23.30-00 00 кезінде әдеттегідей бір кешті атқарып, көлігіме отырып қыздыра бастадым. Алматының қақ ортасы. Кенет бір еңгезердей еркектің бейнесін байқадым. Бетінде маска. Асығыс көліктің артқы есігін ашты да, отыра салысымен аузымды басып, тура мойныма пышағын тақағанда денем мұздап кетті.

Алғашында тойдағы әріптестердің қалжыңы ма деп ойладым. Олай болмады. Бір кезде ол "Көлікті оталдыр да, мен айтқан бағытта жүре бер" деді.

Қазақ екен. Келе жатырмыз. Мойнымда пышақ! Алматының елеусіз көшелеріне кіріп, көздерден таса болдық! Бір сайда тұрмыз. "Ал енді қанша ақшаң бар шығар" деді. Сумканы өзі алып, көк тиын қалдырмай қалтасына басты. Карточкаларымды да тексеріп үлгерді. Бір кезде қыл арқан мойныма байланып, дем жетпей жатқанын сезінудемін. Сансыз ойлар! Дәм-тұзымның таусылғаны осы шығар дедім! Өмірім көз алдымнан өтіп жатыр. Қорқынышты! Бір кезде "мен сені өлтірмеймін" деп шештім деді әлгі құбыжық. Жөтеліп жатырмын. Қойш, не керек қалаған бағытында көшелерді кездік. Аттай 5 сағат! Ол жасаған арам істерін сырасын жұтып қойып, масайрап айтып отыр (менің еңбектеніп тапқан ақшамды жаратуда). Қолым байлаулы. Әбден жалындым! Алдадым! Соңында мені жіберетін болып шешті. Бір жерден түсіп қалды. Сене алар емеспін! Бірден ІІБ-не бет алдым. Мойным, қолым тілінген. Түрім от сөндіргендей. Шок! Бейне бақылау камераларына түспегендіктен, қолында перчатка болғандықтан ештеңе жасай алмайтындарын айтты. Сөйтіп, үйге келдім. Қазақ бауырлар-ааааау сонша бір бірімізге жауға айналғанымыз ба? Қалай жібере салды мені? Қанды қол қарақшының қолынан қандай құдірет аман алып қалды? Сене алар емеспін. Сақ жүріңіздерші! Байқап жүріңіздер! Енді үйіме келген соң, көз жасыма еріксіз жол бердім", - деп жазды әнші. Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/


Көрілген: 2554    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 16:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30