Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мұхиттың ар жағынан жеткен жүлде

03 маусым 2011, 10:31

Соңғы жылдары ұлттық өнерімізді өркендетіп жүрген көптеген жастар шетелдерде ұйымдастырылып жүрген түрлі байқауларда жүлделі орындардан көрініп, еліміздің рухани келбетін сыртқа танытып, төл мәдениетімізді паш етуде. Жуырда мұхиттың арғы жағындағы АҚШ елінен тағы бір қуанышты хабар келіп жетті.
Бұдан біраз бұрын белгілі суретші Нұрлан Әбішев Нью-Йоркте өтетін үлкен көркемөнер байқауына өзінің тың туынды­ларын жолдаған болатын. Ақыры жерле­сіміздің еңбектері алыстағы елде еленіп, арнайы марапаттарға ие болды.
Биылғы жылдың көктем айларында ASA Art Gallery өркениетті өнер галереясы америкалық суретшілер Одағын New York Realism Fine Art және Нью-Йорк Өнер ака­демиясының қамқорлығымен SPRING IN FULL COLOR атты халықаралық көрме ұйым­дастырған еді. Көрмеге АҚШ, Фран­ция, Аргентина, Ресей, Италия, Украина, Литва сынды мемлекеттерден бірқатар суретшілер қатысты. Әлемдік деңгейдегі байқауда та­лан­ты мен шеберлігі арқасында басқалардан басым түскен жерлесіміз Нұрлан Әбішевтің екі бірдей туындысы тал­ғампаз әділқазы алқасының қатал сыны­нан сүрінбей өтті. Суретшінің «Мен сені сағын­ғанда» атты  кар­тинасы «Лирика» категория­сы бойынша «Ал­­тын медальға» лайық деп танылса, «Реа­лизм» категория­сында «Ша­рын шатқа­лы» туындысына күміс жүлде берілді. Же­ңім­паз суретші Нұрланның мұхит асып жет­кен жүлделерін тапсыру рәсімі «Қазақ­филь­м» киносту­диясында өтті.
Негізінен, отандық кино саласындағы шығармашылығын дамытып жүрген суретші Нұрлан Әбішевтің ұлттық бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасып үлгерген десек те болады. 2004 жылы «Шәкен жұлдыздары» фестивалінде «Қаладан келген қыз» фильмімен ең үздік қоюшы суретші номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Арада біраз уақыт өткеннен соң, осы жұмысы үшін Анапада өткен «КиноШок» фестивалінде Гран-Приді жеңіп алды, ал Челябинск қаласында өткен ресейлік «Золотой Витязь» фестива­лінің лауреаты атанды. «Қазақфильм» кинос­тудиясының бастамасымен қолға алынған «Көшпенділер» жобасы кезінде Нұрлан «Ағылшын пациенті», «Өкіл әке» фильмдеріндегі жұмыстары арқылы таны­мал болған Франко Фумагаллидің басшы­лығымен аталмыш  фильмнің  декорация­лар жөніндегі суретшісі болып жұмыс істеді. «Ағайынды» фильмінің қоюшы суретшісі болды.Сондай-ақ ол көптеген қазақстандық ғалымдар мен қаламгерлер­дің кітаптарын көркем безендіруге атсалы­сып жүр. Олар­дың ішінен елге тараған археолог-ғалым К.Байпақовтың «Қазақ­стан­ның ежел­гі қа­ла­лары», Н.Санжардың «Жанталас», «Аб­рек», «Періште», Б.Шеке­ров­тің «Кенеттен пайда болған мысық», «Шеміршектеу» сын­ды кітаптарын атауға болады. Жерле­сімізді жеңісімен құттықтап, шығармашы­лығына табыстар тілейміз.


Нұрлан Әбішев, суретші:
– Әлемнің түкпір-түкпірінен мықты суретшілер қатысқан байқауда менің туындыларымның жоғары бағаланға­нына қуаныштымын. Бұл мен үшін ғана емес, еліміз үшін де үлкен абырой деп есептеймін. Бұған дейін де республика көлеміндегі және өзге де халықаралық байқауларға қатысып, жетістіктерге жеткенім бар. Дегенмен бұл жолғы жүл­делерімнің жөні бөлек. Менің шы­ғар­машылығымда туған жерімнің тама­ша табиғаты мен ұлттық тақырыптар алдыңғы орында тұрады. Меніңше, туын­дыларымның лайықты бағалануы­ның сыры да осында жатса керек.
Қазір қазақтың қас тұлпарының үлкен мүсінін жасау үстіндемін. Мүсіннің сырты бірнеше мыңдаған кәдімгі асықтармен көмкерілуде.

Өмірдерек
Нұрлан Әбішев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы көркем училищесін суретші-әрлеуші мамандығы бойынша (1990–1994) және Қазақ ұлттық өнер академиясын интерьер дизайны мамандығы бойынша (1994–1999) бітірген. Ол – кескіндемеші, график, иллюстратор, кино сурет­шісі. Бірнеше қалалық және республикалық көрмелерге қатысқан. «Шабыт» халықаралық фестивалінің жүлдегері, «Шәкен жұлдыздары» қазақстандық кино байқауының, «КиноШок» ресейлік кино байқауының жүлдегері, «КиноШокта» фильмнің үздік көркемдік шешімі үшін Бас жүлдеге ие болған.

  «Шарын» Н.Әбішев