Мұхтар Тайжан Димашқа ақыл айтқыштарды орнына қойды

Мұхтар Тайжан Димашқа ақыл айтқыштарды орнына қойды

Белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Димаш Құдайбергеновке ақыл айтқыштардың аузына құм құйды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Халықтың біреуге ақыл айтуға келгенде шебер екендігін айта келіп, іске келгенде ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретіндерді сынға алған ол Димаштың беделін ел алдында тағы бір көтеріп қойды.

"Ютубты қарасам, қазақта не көп ми я ақыл көп екен. Ақыл-кеңес айтуға құмармыз. Сен былай бұйтпе, былай сөйт. Тек іске келгенде данышпандарымыз жоғалып кетеді) Саясатта солай екенін білесіздер.

Ал енді сол данышпандар Димаш баламызға ақыл айтқыш болып кетті. "Жұлдыз болғың келсе сен былай жаса", деп, ақыл айтып жатыр.Ол күлкілі емес пе өзі?

Құдайға шүкір Димашты Қытай, АҚШ, Европа, Ресей жұлдыз ретінде баяғыда мойындап отыр. Миллиондаған фанаттар қазақ әңдерімізді жатқа меңгеріп сайрап жүр!

Димашқа ақыл айту қойыңдар, оған бізден тек ақ тілектеріміз керек! Тіл көзден Жаратқанның өзі сақтай гөр, жолың әрқашанда ақ болсын!

.... Әйтпесе мен Федерерге видео жазып теннис қалай ойнау керек екенін түсіндірем", - деп facebook әлеуметтік желідегі парақшасында Димаштың әлем сахнасында Қазақстан атын шығарып жүргенін тілге тиек етті.

Оның бұл жазбасына көпшілік қолдау білдіріп, жарысыа жақсы ой-пікірлерін жеткізді.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста