Өркениет

"Мұндай суреттерді жариялауға арланбаймын": Ердос Қанаев желі қолданушыларын қарапайымдылығымен тәнті етті

  • "Мұндай суреттерді жариялауға арланбаймын": Ердос Қанаев желі қолданушыларын қарапайымдылығымен тәнті етті

 "Жігіттер" тобының мүшесі, әнші Ердос Қанаев көпшілікке қарапайым фотосын жариялап, елді сүйсіндірді. Әнші өзінің тумысынан қарапайым екенін жеткізді.


Әнші Инстаграм парақшасында қара жұмысшы кейпіндегі суретін жариялады. Әрі бала күнінен қара жұмыс істеп жүргенін айтты.

“Сіз қарапайым екенсіз”, “Осындай болу керек” деген сияқты комменттер оқып қаламын кей-кезде. Бұл біріншіден Алла Құдай жаратқаннан табиғатым сондай. Мақтау Аллаға ғана лайық. Екіншіден өз басым мұндай фото салуға түк те арланбаймын. Айтыңыздаршы не үшін ұялуым керек? Туа салып, микрофон ұстап, күнде ұшақпен ұшып жүрген адам сияқты болмай-ақ қояйықшы. Енді не үшін ұялмайтынымды жазайын. Кішкентай кезімнен ес білгеннен бастап, мектеп бітірген кез былай тұрсын, универде оқып жүрген күннің өзінде поляда бақша шауып өстік. Таң атпай кетесің поляға, содан түн болғанда бір-ақ қайтасың. Ерте көктемде кіресің, қар жауғанда бір-ақ бітеді ол поля. Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың”деген сияқты ғой. Еее оның машахатын сол поляның отыны мен кіріп, күлі мен шығатындар ғана түсінеді.

Одан бөлек мал бар, қой кезек бар. Ауылдың қойын алдыңа салып алып, кетесің 5-6 километр. Қойларға ән айтып қоясың арасында. Қысқа малдың шөбін орасың, оны жинайсың. Сабан келеді сусылдап. Оны палаткамен жинайсың. Тезек істейсің. Ол тезек қыста отын. Анашыма нан жапқанға отын. Одан ешекке арбаны тиеп алып тоғайға кетесің. Оны шабасың, жинайсың. Үйге келген соң оны аралайсың. Оны сарайға жинайсың еще. Одан кейін үйге су тасу керек күніге. Екі піләкті (фляг) алып аласың да су тасисың. Совет өкіметі кеткен соң су деген арман болды ғой. Кімнің үйінде құдық бар. Сол үйден су таситынбыз. Одан қала берді есігіңнің алдындағы бау-бақшаң бар. Одан тоғайға кетесің ежевика теруге үстің жара-жара болып. Тегін бәрәни (варенье). Оның өзі ақша. Оны термесең вареье жоқ. Мен бұған арланбаймын",- деді әнші.

Әнші осылай еңбектеніп өскені айта келе, өзгелерге де қарапайым болуға кеңес береді.

"Әлхамдулиллә. Қайта қуанамын. Осылай еңбектеніп өстік. Қиналдық. Сол қара еңбек пен жеген дүниеңнің дәмі бөлек болатын. Ешкімге қол жаймадық. Әкеміздің киімін, ағамыз киді. Одан біз кидік, менен кейін Ініміз киді. Сонда киім ысырап деген жоқ қой бір киіп тастай беретін дейтін. Сол кездегі киімдерді арнайы 4-5 ұрпаққа арнап шығара ма қайдам, әйтеуір әкеміңдің киімі өмірі тозбаушы еді ғой сабазың. Қалада великті қыдыру үшін мінсе, біз поляға бару үшін мінетінбіз. Мен үшін ұшақта фотоға түсу абырой емес. Мен үшін авторитет - қарапайымдылық.




Көрілген: 456    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.04.2020, 22:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30