Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мұражай – ескі заттардың қоймасы емес

17 қаңтар 2011, 17:17

Шетелдегі ірі қазақ шоғыры­нан са­на­ла­тын Шыңжаңдағы қа­зақтар мәдени өмі­рін­дегі елеу­лі оқиға – Баркөл қазақ ав­то­номиялы ауданы ор­та­лығында 2006 жылы сәуір айын­да ашыл­ған қазақ мәдениеті мұра­жа­йы­ның орны ерекше. Оның то­лық ата­уы – «Шыңжаң Баркөл қа­зақ автономиялы ауданы қазақ мәдениетінің көрме сарайы». Мұражай ғимараты екі қабат, әр қабатта екі-екіден көрме бөлімі орналасқан, жалпы аумағы – 1120 шаршы метр.
Жоғарыдағы төрт мұражай бөлімінен тыс, көрме сарайының 1-қабатындағы дә­лі­зінде Баркөлдің барлық географиялық кар­тасы жасалған: ұзындығы – 4 метр, ені – 2 метр осы картаның ауырлығы бір тон­­наға жетеді. Карта бетіне Баркөл жер бе­дері, таулы өңірлері, өзен-сулары бей­несі кар­та түрінде жасалып, түсті шырақтар ар­қы­лы түсіндіріледі.
Бүкіл мұражайдағы ұқсатылмалы зат­тар мен аталған құм картаны Баркөлдегі қа­зақ шеберлері жасап, ғылыми түрде ор­на­ластырған. Мұражайды жасауға 30 адам қатынасып, олар үш топ бойынша мін­деттерін атқаруда. Жалпы, мұражай не­бә­рі төрт ай уақытта бітіп, 1 400 000 юань (200 000 доллар) қаражат жұмсалған. Осының ішінде 85%-ы құрылыс істеріне, қалған бөлігі зат алу, экспозиция жаб­дық­тау істеріне жұм­сал­ған.
Ата-бабаның қолының табы қалған, маң­дай тері сіңген осындағы құнды жә­ді­гер­лер қиялыңызды сан ғасырдың қат­па­ры­на жетелейді.   
Көрме сарайының мазмұны бай, тар­тым­дылығы күшті болып, алыс-жақынның на­за­рын аударды. 2007 жылы мемлекеттік «АА» дәрежелі мекеме мәртебесін иелен­ген мекеме, «Отаншылдық тәрбие базасы» де­ген атпен жұмыс жүргізуде.
Құру барысында мұралық заттардың нақ­ты­лығына, түрлерінің көптігіне және ұлт­тық ерекшелігі мен көркемділігіне, ғи­­ма­рат­тың жалпы көрінісі мен тар­тым­ды­лы­­ғына баса назар аударылды. Мұ­ра­жай – ескі заттар қалдығының қоймасы емес, қай­та ол – қазіргі адамдар үшін та­ри­хи, мә­де­ни-эстетикалық жанды оқулық.