Өркениет

«МузАрт» тобы тарайын деп жатыр ма?

  • «МузАрт» тобы тарайын деп жатыр ма?

    «МузАрт» тобы тарайын деп жатыр ма?

Келержылы қазақ эстрадасының көшін бастап тұрған «МузАрт» тобына 20 жыл. Тыңдармандар жүрегінен ерекше орын алатын музыкалық ұжым атаулы күнге орай үлкен концерт беріп, елді қуантпақ. Алайда, халық арасында бұл әйгілі үштіктің соңғы өнер көрсетуі болуы мүмкін деген сөздер айтылуда, деп хабарлайды Newsroom ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Желі қолданушылары 20 жылдық концерттен кейін «МузАрт» тобының тарайтынын болжап жазуда. Олардың сөзінше, келер жылы өтетін мерейтойлық концертте топ мүшелері халықпен қоштасып, әркім жеке шығарашылыққа кетпек.

Көпшіліктің қызу талқысына түскен мәселеге қатысты бірінші болып, Мейрамбек Бесбаев жауап беруді шешті. Өнер иесі бірден бұл ақпаратты жоққа шығарып, «МузАрт» тобының алдағы уақытта тарамайтынын кесіп айтты. Бұл туралы ол «Paparazzi» бағдарламасында айтты.

«Келер жылы «МузАрт» тобына 20 жыл болады. Соны тойлайтын боламыз. Елмен бірге болып, тыңдармандарымызды қуантпақ ниеттеміз. Ал айтылып жатқан сөздерге қатысты бұл әңгімелер шындыққа жанаспайды. Ешкім тарайын деп жатқан жоқ. Оны кім айтып жүр өзі? Өнерде бұрынанн жүргендіктен мұндай өсектерге де үйрендік қой. Бір құлақтан шығарып, екінші құлақтан шығарып жібере саламыз. Сол себепті, мұндай сөздерге сенбеңіздер. Әрине, біз жеке-жеке әнші болғаннан кейін, жеке шығармашылығымызды да қатар алып жүреміз. Жеке әндер де айтып жүреміз. Соған қарап пайымдап жүргендері шығар. Бірақ, біз келер жылы 20 жылдығымызға үлкен дайындықпен келсек деп отырмыз. Бұйыртса бірге жақсы жаңалықтарға жете берейік, &ndash деп ағынан жарылды Мейрамбек Бесбаев.

KAZ.NUR.KZ




Көрілген: 4045    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.12.2020, 17:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28