Өркениет

«Музарт» тобының тарайтыны рас па? Әйгілі ұжым жауап берді

  • «Музарт» тобының тарайтыны рас па? Әйгілі ұжым жауап берді

    «Музарт» тобының тарайтыны рас па? Әйгілі ұжым жауап берді

Бұл күндері «Музарт» ұжымы топтан гөрі жеке шығармашылықтарын мықтап қолға алған. Әншілер әр аймаққа бөлініп концерт беріп, өз тыңдармандарын қуантып жүр. Мәселен, жеке әнсапармен Сәкен Майғазиев Ақтауға аттанса, ал Мейрамбек Бесбаев еліміздің оңтүстігіндегі жұртпен қауышпақ. Жік-жікке бөлінген жігіттердің бұл әрекетіне жанкүйерлері алаңдаулы, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.
Бұрындары жеке шығармашылығына аса көңіл бөлмейтін Сәкен Майғазиев бүгінде ұстанымын өзгерткен. Осыдан екі жыл бұрын Алатау баурайындағы зәулім сарайда өткен жеке кеші әншінің шабытын оятқан секілді.

«Бір күнде үш концерт бердім. Бұндай жағдай сарайдың тарихында ешқашан болмаған. Құдайға шүкір, сол концерттен кейін ұсыныстар көп түсті. Жеке ән кешіммен бүкіл Қазақстанды аралап шықтым. Шынымды айтайын, күмән көп болды, күдік көп болды. Себебі, ол кезде жеке шығармашылықпен айналысып көрмеген болатынмын. Алдағы уақытта қандай кемшін тұстар болуы мүмкін. Бір күнде үш концерт берген адам басқа залды неге толтырмайды деп қолдау білдіргендер көп болды. Сол концерттерді 2018 жылы бүкіл Қазақстанға жасадым. Ал биыл ұйымдастырушылар Орал мен Ақтау қалаларына жасауға ұсыныс тастады», – дейді Сәкен Майғазиев.

Топтағы ағалар аймақтағы әнсапарға аттанудың қамына кіріссе, Кенжебектің жеке орындаушы ретінде жоспары тым басқа.

«Менің өз жоспарым бар. Астанада өткен концертімді Алматыда қайта бір дүркіретіп өткізу ойымда бар. Сол ойымда бар. Өзімнің директорым мен жанымдағы қос қанатым қолдап, қоршап Алматы беремін деген жоспарым бар», – дейді Кенжебек Жанәбілов.

«Енді ел таныған кезде концертті дер кезінде берген дұрыс. Өйткені біздің Кейін қартайғанда деген түсіністіктен арылуымыз керек. Құдай біледі ғой, одан кейін не болатынын. Жас кезде өткізсең жақсы естеліктер қалады, таспаға түсіріледі», – дейді Мейрамбек Бесбаев.

Топтың тағдырына алаңдаған тыңдарманға жеткізер «Музарт» ұжымының жақсы жаңалығы бар. Келер көктемде әйгілі ансамбль 20 жылдық мерейтойын атап өтпек.  




Көрілген: 315    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.03.2020, 08:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30