Өркениет

“Мылтық атылмай қалды”. Ринат Зайытовты кім атпақшы болды

  • https://total.kz/

    https://total.kz/

Белгілі ақын Ринат Зайытов жақында мемлекеттік қызметке тағайындалған болатын.

 

"Ең алғашқы" бағдарламасында айтыскер ақын бұрын соңды айтылмаған сырларымен бөлісті. Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

 

Ақын сұхбат барысында жаңа жұмысы, өткен шақтағы естеліктері, алғашқы махаббаты жайында сөз қозғады. Аман Тасыған сұхбат ортасында мынадай сұрақ қойды:

 

- Үйге келіп немесе көшеде ұстап алып сізге қару тақаған кездер болды ма?!

 

- Болды. Өз басым бірінші рет қару тақағанда қорықтым. Көшеде кафеде болған оқиға еді. Балалармен сөзге келіспей қалдық, олар басқа ұлттың балалары еді. Сол кезде бірінші рет пистолет көрдім. Қасымдағы балалар жан-жаққа шығып кетті. Маған тақап тұрған еді. Айттым "ат" деп. Енді одан кейін талай оқиға болды ондай.

 

Бір досым мені атып ала жаздаған. 2007-2008 жылдары болу керек ол кезде менің мылтықтарым тіркелген, сейфі бар болатын. Үйге келген қонақтарыма көрсетемін ғой енді. Бір аңшылықтан келген кезім, келдім де қоя салдым таңға жуық келген болармын.

 

Бір күні Мақсат ақын келді үйге. Сол кезде көрсетіп жатыр едім мылтықтарды, бір кезде ол маңдайыма тақады да атты оқ атылмады. Мынау істемейді ғой деп бір жерін тартып қалып еді оқ атылып кетті үйде. Сонда ол оқтаулы қалып қойған. Бірақ менің маңдайыма тақалып тұрған сол оқ маған атылмаған.

 

Құдай сақтап қалды мені сол кезде.

 

Және ол жағдай алғашқы рет емес, соңғы рет емес менде. Бірақ жаңағы Мақсат досыммен болған жағдайда қатты терледім, өз үйіңде бала-шағаңның қасында өз досың атып тастаса, бұл бүкіл нәрсенің ойран болғаны ғой. Сол кезде Аллаға шүкір дедім, мені солай сақтағанына.

 

 

 




Көрілген: 2388    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.03.2021, 18:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31