Өркениет

«Мыстан» веб-сериалы Испанияда өткен фестивальда жүлделі болды (видео)

  • ©Salem social media

    ©Salem social media

Ернар Нұрғалиев режиссерлік еткен кинотуынды операторлық жұмысы үшін «Bilbao International Digital Webserie Festival-інде» жүлдеге ие болды. Бұл режиссердің веб-сериал түсірудегі алғашқы тәжірибесі, деп хабаралайды Express Qazaqstan.

 

Бұл туралы salemsocial.kz агенттігі мәлім етті.

 

ArtDealers мен Salem social media продюсерлік компанияларының бірлесіп түсірген "Мыстан" веб-сериалы биыл 24 маусымнан бастап YouTube желісінде көрерменге жол тартты. Сериал 12 эпизодтан тұрады.

 

©Salem social media

 

Оқиға желісі ер адамдар тарапынан көрген зорлық-зомбылықтың құрбаны болған үш әйелдің айналасында өрбиді. Өздерін ренжіткендерді заңның көмегімен жазаламақ болған олар кейін ол ойынан айнып қалады. Алайда нәзік жандар кек алу жоспарын жүзеге асырудың оңай емес екенін түсінеді.

 

©Salem social media

 

Кинотуындының басты кейіпкерлерін Әсел Қалиева, Ақбота Нұр-Сейтмағамбет, Жасмин Салихова, Жандос Айбасов, Данияр Қожахан мен Елжас Рахымбеков сомдайды. Веб-сериалдың операторы — Шерхан Таңсықбаев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 849    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 23:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31