Өркениет

Нағима Есқалиеваға болашақ келініне қатысты пікір білдірді

  • Фото: Instagram/dias_ablayev

    Фото: Instagram/dias_ablayev

Желіде әншілер Индира Еділбаева мен Диас Аблаевтың жұп болып кездесіп жүргені жайлы қауесеттер тарап кетті. Оқырмандар жұлдыздарды көп жерде бірге байқай бастағандарын айтуда. Бұл ақпаратқа қатысты жұлдызды ене Нағима Есқалиева не ойлайтынын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

 

Нағима Есқалиева ұлы Диас Аблаевтың жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, оның кіммен кездесіп жүргенінен бейхабар екенін айтты.

 

Ол тіпті баласының Индира Еділбаевамен көңіл қосқаны жайлы қауесеттерді де естімеген болып шықты.

 

Эстрада жұлдызы бұл ақпараттың қаншалықты рас екенін білмейді. Алайда, ол отбасына әртіс келін түскенін аса қаламайтынын ашық айтты. Себебі, оның ойынша, жанұяның жұлдыздарға толып кеткені дұрыс емес.

 

Нағима Есқалиева ұлының жары қандай болғанын қалайтынын жеткізді. Бұл туралы ол "Paparazzi" бағдарламасында айтып берді. Сұхбат үзіндісі Instagarm желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланды.

 

"Бірінші рет естіп тұрмын. Құдай қаласа, көре жатармыз. Ал негізі бір отбасыда екі әртістің өзі көптік етеді. Оған тағы үшіншісі келіп қосылса, ол тіптен қиын жағдай. Бір үйде үш әртістің болуы күрделі мәселе. Индира екеуінің кездесіп жүрегін жайлы бірінші рет естіп тұрмын. Бұл жаңалықтан бейхабармын, сол себепті рас-өтірігін айта алмаймын. Менің ойымша, ұлыма үй шаруасымен айналысатын, бала туатын, анасына қарайласатын жар керек. Сол себепті, әртістермен қалай болатынын білмеймін. Не болса да балам өзі шешетін болады. Бүгінде ұлым шығармашылықтан қолы босамай жатыр. Ол бір қызық дүниелер әзірлеп жатыр" , - дедә Нағима Есқалиева.

 

 




Көрілген: 3782    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 18:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30