Өркениет

Нәзира Байырбек: "Бораттың қарындасы" дегенге намыстанбаймын

  • Нәзира Байырбек:

    Нәзира Байырбек: "Бораттың қарындасы" дегенге намыстанбаймын

Журналист, блогер Нәзира Байырбек қазақ пен намыс туралы жазбы жариялады. Борат пен қазақты байланыстыратын ешнәрсе жоқ. Сондықтан қатысы жоқ дүние үшін намыстанудың да керегі шамалы дейді.

"Қазақ - мен. Қазақ - сіз. Қазақ - біз. Қазақ Борат емес. Түрі де, қылығы да, іс-әрекеті де шындыққа үйлеспейтін, жай комедия үшін жасалған сол сайқымазақ образ үшін шала бүлінбей-ақ қойған дұрыс-ау. Шамшылдық - әлсіздік

 Мен де бұрын әлсіз болғам. Қазір де мықты болып тұрғаным шамалы ғой, бірақ бұрын өте әлсіз болғам. Біреу қазақты төмендетсе намыстанып, өкпелей беруші ем. Қазір ойлап қарасам, соның бәрі түкке тұрғысыз екен

Сәл бұрынырақта, рас, шетелде оқып жатқан бір қызға басқа мемлекеттен келген бұзық қыздар &ldquoБораттың қарындасы&rdquo деп келемеждеп, түртпектей берген екен. Оған намыстанған қазақ қыз төбелесуге дейін барған. Арты біоаз шуға айналған еді. Бұл туралы қазақ &ldquoАстана ақшамы&rdquo газетіне жазылған болатын.

Бірақ мен жас қыз емеспін. Содан ба, мұндайға намыстанбайды екем. Намыстанса, еврейлер, немістер, т.б. жайлы да неше түрлі фильмдер бар. Олар неге намыстанбайды?", - деді журналист.

Айта кетейік, сайқымазақ Саша Барон Борат-2 фильмін түсіріп, желіде тағы дау туғызды. Бұған қарсы шағым айтқандар жетерлік. Желіде шу болған сайын "Бораттың" жарнамасы да арта түсті. Сондықтан блогер бұндайға мән бермеуге шақырады 

"Қысқасы, біз қазақ, әрқайсымыз қазақты танытушылармыз.
Менің айналамдағылар қазақ әйелі мен деп ойлайды. Бидай өңді, қой көзді, орта бойлы, бес баласын жетектеп әлі де арман қуып жүрген, білімге, дамуға сусаған, ешкімге зияным тиіп кетпесе екен деп жүретін, еңбекқор, өзінің ана тілінде сөйлейтін және исламның ішкі құндылықтарын жүрегіне қондырған әйел - қазақ әйелі деп біледі.

Иә. Елде жүргенде айналамның бәрі қазақ болатын. Біз бәріміз қазақ едік.

Ал шетелдіктердің арасында жүргенде қазақ - менмін.
Олар қазақты бәрібір маған қарап таниды. Басқалар не істесе де өздері өздері білсін. Біз өзіміз биік қазақ болып қалайықшы. Жарай ма?", - деп жазды Нәзира Байырбек.




Көрілген: 835    Пікірлер: 0

жұма, 16.10.2020, 18:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31