Өркениет

«Не істеймін?»: Алмат Сақатов көпшіліктен қаржылай көмек сұрауға мәжбүр (ВИДЕО)

  • «Не істеймін?»: Алмат Сақатов көпшіліктен қаржылай көмек сұрауға мәжбүр (ВИДЕО)

    «Не істеймін?»: Алмат Сақатов көпшіліктен қаржылай көмек сұрауға мәжбүр (ВИДЕО)

Көмектесем деген ағайын болса, нөмірі мынау - 87026388897. 

Қазақстандық актер Алмат Сақатов әпкесінің баласы үшін көмек сұрады. Актер жиенінің емі үшін көпшіліктің көмегіне мұқтаж. Сақатов кешірім сұрай отыра халықтан қол ұшын созуды сұрады. 

"Ассалаумағалайкум! Ардақты ағайын! Заман түзуде ешкімге қол жайып көрмеп едім. Әпкемнің жылағаны ауыр тиді. Сырттан қарағанда өміріміз гүлдей. Бір жыл той тоқтап, концерт тоқтағалы осындай дәрежеге әкеліп соқты. Көмек сұрағанның бәріне көмектесе алмасақ та, бірталай адамға қол ұшын беріп едім. Көп емес жүз теңге салсаңыздар да тәубә.

Кешіріңдер! Көмектесем деген ағайын болса, нөмірі мынау - 87026388897. Ел аман жұрт тыныш болсын. Айналайын ағайын! Балаларыңыз ауырмасын! Әр түскен ақшаның түбіртегін жариялап отырам.Ұяттау нәрсе мен сияқты жігітке. Бірақ тығырыққа тірелдім. Не істеймін?", - деп жазды Алмат Сақатов.

Желідегі оқырмандары актерді қолдап, шипа тіледі.

"Ассалаумағалейкүм, аға! Ұят ешнәрсесі жоқ, Алладан келген дерт, Алла шипасын берсін! Егер шын мәнінде Алладан пәрмен келсе Ханда бір секундта құлға айналады. Сол себепті ешқашан мойымаңыздар. Балапан ертең- ақ сауығып ел дейтін ер азамат болып өссін", "Алла шипасын берсін! Алла жар болсын", "Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың жәрдемі болсын!", "Дұрыс аға, ешқандай айып емес. Жиен балаңыздың денсаулығы түзелсін", "Алла шипасын берсін", - деп жазды олар. 

Актер тілек білдіргендерге алғысын айтты.

"Аман есен болыңыздар, жақсылар! Өткенге ренжуге болмайды! Бірақ өкініш бар! Неге сол кезде тірлік жасамадым! Неге уақыт өткіздім босқа!! Жас бауырларыма айтарым, отырмаңдар, уақыт сені тосып тұрмайды!! Көмек беріп, ат салысқандарға мың алғыс!! Жақсы сөз айтып рухтандырып отырғандарға мың алғыс! Аман-есен болыңыздар!", - деді актер. 




Көрілген: 9811    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 11:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30