Өркениет

Неге дәрігер немесе құрылысшы бола салмадым?! Серік Ибрагимов карантин кезінде қалай қиналғанын айтты

  • Неге дәрігер немесе құрылысшы бола салмадым?! Серік Ибрагимов карантин кезінде қалай қиналғанын айтты

    Неге дәрігер немесе құрылысшы бола салмадым?! Серік Ибрагимов карантин кезінде қалай қиналғанын айтты

Пандемия кезінде әншілер қауымы тойсыз, жұмыссыз қалды. Миллиондап табыс тауып үйренген өнер иелеріне оңай соқпағаны рас. Әсіресе, қосымша кәсібі болмаған Серік Ибрагимов қиналып қалғанын айтады. Не істерін білмегені соншалық, 42 500 теңгеге өтінім берген әнші бұдан қандай сабақ алғанын айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Неге осы уақытқа дейін бірдеңе ашып қоймадым деген ой болды. Жақында екі бизнес ашып, соның басын ұстап келеміз", - деген Серік алдағы уақытта бизнеске дендеп кірісетінін айтты. 

 
Әнші пандемия кезінде өнер саласын таңдағанына өкініп қалғанын жасырмады. 

"Адамның көңілі аш болса, әнмен көңілін көтеру қиынға соғады екен. Сондықтан өнер ең соңғы сатыға барып тіреледі екен. Мәдениет пен спорт елдің біраз нәрсесін көрсетеді ғой. 

Сол кезде неге дәрігер, құрылысшы бола салмадым? - деген ойлар келді. Сондай бір күйзеліс, сынақтар болып кетті", - дейді Серік.

"Қарның ашса, кез келген нәрсе қолыңнан келеді" деген Серік қосымша продюсерлікпен айналысып бастағанын жеткізді. 

Серік өзінің жерлес-туысы әрі руласы, рэпер BigSher-ге (Әлішер Бурханов) қолдау білдіруде. Продюсерімін дегенімен, екі тараптың арасында ресми келісім-шарт жоқ. Ибрагимов 10 жылдан бері жанында жүрген інісіне бар болғаны ағалық қамқорлық танытуда. 

Stan.kz 




Көрілген: 544    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.11.2021, 12:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31