Өркениет

"Некеміздің шытынағаны рас": Асхат Садырбай екінші әйелімен ажырасуға не себеп болғанын айтты

  • "Некеміздің шытынағаны рас": Асхат Садырбай екінші әйелімен ажырасуға не себеп болғанын айтты

Белгілі журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай инста-парақшасында әйелімен ажырасқанын растап пост жариялады. Бірақ осы ақпаратты "істің ақ-қарасын білмей тұрып дәйексіз елге жариялады" деп ақпарат құралдарына ренішін білдірген ол соттың көмегіне жүгінетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
"Шындық шапанын киіп жатқанда, өтірік елді аралап үлгереді" деген Асхат Садырбаев отбасы жайлы тараған ақпаратқа қатысты сұрақтарға жауап жазды.

"... Заңды некеміздің шытынағаны рас. Өмірде бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Әрекет адамнан, берекет Алладан. Ниетім де, ойым да түзу еді. Бірақ, екі адамнан құралатын одақта ниет те, ой да бір болмаса іс оңбайды, тірлік өнбейді екен", - дейді журналист.

Елдің алдында жүрген азамат ретінде елден ешнәрсе жасырмайтынын айтқан Асхат Садырбай өз әріптестерін жала жауып, жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа беретінін айтты.

"Кез-келген отбасыда келіспеушіліктер, өкпе-реніш болады. Оның барлығы екеуара шешіледі, болмаған жағдайда заң аясында, азаматтық тәртіпте қаралады. Кейбір ақпарат құралдары мәселенің мән-жайын, істің ақ-қарасын ажыратып алмай жатып дәйексіз әңгімені елге жариялап жіберген екен, жалған ақпарат берген адамдарды да, менің және баламның суретін рұқсатсыз жариялаған ақпарат құралдарын да сотқа беруге мәжбүрмін. Біріншіден, бұл жалған ақпарат, екіншіден, мені өз баласын қорлап жатыр деп жала жабу-ақылға сыймайды. Үшіншіден, бұл менің тал түсте тапталып жатқан азаматтық құқығым, төртіншіден менің атыма, іскерлік беделіме нұқсан келтірілуде", - деген ол әр сөзге дәлел болуы керектігін айтады.

"Соттың шешімі шықпай тұрып, тіпті сот болмай жатып байбалам салу-жаңбыр жаумай су болу сияқты. Ешкім баланы анасынан немесе әкесінен айырғалы жатқан жоқ. Бала мәселесі бойынша сотқа арыз берілді. Барлығы өз ретімен, тәртібімен қаралуда. Соттың шешімін күту керек", - деген журанлист әйелімен ажырасыуға дейін баруына не себеп болғанында айтты.

"Біз жұбайымызбен жәй ғана екіге айырылып кете алмадық. Себебі, баламның құқығына қарсы іс-әрекеттер орын алды, денсаулығына, жүйке-жүйесіне зиян тигізген бірнеше сәттер болды. Сол себепті мен оның барлығын дәлелдеп, ақты аққа, қараны қараға шығармақ ниеттемін. Менде барлық дәлелдер бар, жеткілікті. Бар ойым баламның болашағына балта шабудан сақтау. Әкесі ретінде оның тәрбиесі мен денсаулығына, болашағына жауапты екенімді ұмытпағайсыздар", - деп елді жалған ақпарттың жетігінде кетпеуге шақырған Асхат әңгіме баласы жайлы болғанда немқұрайлық немесе салғырттық таныта алмайтынын жеткізді.

"Баланың құқығы, баланың денсаулығы, жақсы өмірі үшін шырылдап жатқаным-баламды қорлау емес қорғау деп білерсіздер. Қандай жағдай болмасын баланың кінәсі жоқ. Алайда баланы қару немесе қолшоқпар ғып қолдану дұрыс емес", - дейді Асхат Садырбай.

 




Көрілген: 518    Пікірлер: 0

жұма, 07.02.2020, 11:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30