Өркениет

«ІНЖУ-ДИЗАЙН» - Республикалық жас сән дизайнерлерінің байқауы

  • «ІНЖУ-ДИЗАЙН» - Республикалық жас сән дизайнерлерінің байқауы

    «ІНЖУ-ДИЗАЙН» - Республикалық жас сән дизайнерлерінің байқауы

Такенова Ж.С., СҚжСС жөніндегі проректор

Ибрайшина Г.К., ДФ ассоц.профессоры

 2021 жылдың сәуір айында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (Халықаралық білім беру корпорациясы) «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Інжу-дизайн» республикалық жас сән дизайнерлерінің байқауын өткізеді.

Байқаудың атауы кездейсоқ таңдалмады, өйткені байқаудың әр қатысушысы, бұл жаңа есім, бұл Қазақстан жастары достығының тізбегін құрайтын інжу-маржаны болып табылады.

Іс-шараны ҚазБСҚА (ХБК) «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі және Дизайн факультеті ұйымдастырады. Қазақстан халқының рухани бірлігі идеясын, ұлттық мәдени дәстүрлерін сақтауды біз жастарымыздың бойына сіңіріп, тәрбиелегіміз келеді. Байқау жаңа есімдермен танысуға әрі оларды қолдауға мүмкіндік беріп, отандық сән индустриясының дамуына оң әсер етеді деп үміттенеміз.

Жас дизайнерлер екі санатқа бөлінеді: жасөспірімдер (14 жас аралығындағы мектеп оқушылары және колледж, лицей оқушылары) және жоғары оқу орындарының студенттері. Байқауға қатысу тегін және онлайн режимінде өткізіледі.

Байқаудың қазылар алқасының құрамына жетекші отандық киім дизайнерлері, ҚазБСҚА (ХБК) профессорлар құрамы, ҚазБСҚА (ХБК) «Сән дизайны» білім беру бағдарламасының Сарапшылары мен тапсырыс берушілер кеңесінің мүшелері кіреді, олар байқауға қатысушылардың жұмыстарын ұйымдастырушылар белгілеген өлшемдер бойынша бағалайтын болады. Қазылар алқасының құрамына біздің елімізге әйгілі болып үлгерген жас дизайнерлер кірді.

Біз байқаудың екі қызықты номинациясын жасауға тырыстық: «Этнография» және «Эксперимент». Бірінші номинацияда шығармашылықтың қайнар көзі Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері мен қолданбалы өнері болып табылатын ұлттық нақыштағы сәнді киім үлгісін әзірлеуге баса назар аударылады. Екінші номинацияда қатысушылар пішу мен технологияның жаңашылдығын пайдалана отырып, ерекше бейнелерді ұсынып, киім-кешек, материалдар үшін күтпеген, дәстүрлі емес материалдарды пайдалана алады. Конкурс форматы карантин кезеңінде және елде қабылданып жатқан басқа да шаралар барысында байқауға қатысуға ыңғайлы болу үшін ойластырылған.

Жарыс бірнеше кезеңде өткізіледі. «Інжу-дизайн» республикалық жас дизайнерлер байқауының мәресі 2021 жылдың сәуір айына жоспарланып отыр, онда қазылар алқасының мүшелері, байқауға қатысушылар және олардың жобалары таныстырылып, сонымен қатар байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Біз қазірдің өзінде байқауымыздың қызығушылық тудырып жатқанын байқап отырмыз және қатысушылардан эксперименттер, радикалды жаңалықтар пен батыл қадаммен жасалған түпнұсқалықты күтеміз!




Көрілген: 1682    Пікірлер: 0

сенбі, 27.02.2021, 21:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30