Өркениет

Нұрболхан Бүркіт туралы ойымен бөлісті

  • Нұрболхан Бүркіт туралы ойымен бөлісті

    Нұрболхан Бүркіт туралы ойымен бөлісті

Хабар арнасындағы «Маска» шоуында Арыстан образымен 3-ші орынға ие болған Нұрболхан Шарапов қарсыласы болған Бүркіт образындағы Әміре туралы шындықты айтты. Оның айтуынша, Әміре кезінде «Қалаулымға» қатысқан екен. Бұл туралы ол «Бөкей» арнасына берген сұхбатында айтты деп жазды nur.kz.

– Мен үшін «Маска» шоуы әділ өтті. Мен Ерденді (Арқар) де, Айриді (Аққу) де, Бүркітті (Әміре) де мойындаймын. Ерден де, Әміре де талай шетелде конкурста болған әншілер. Бірақ осы уақытқа дейін Әміре туралы көп білмеппін. Содан ол туралы интернеттен ақпарат іздеп көріп едім, оның бұрын «Қалаулымға» қатысқанын көрдім. Ал мен «Қалаулымның» нөмірі бірінші жауымын.

Сонда басыма «Әміре, сен «Қалаулымнан» шыққансың ба?» деген ой келді. Мен «Қалаулымнан» шыққан адамды қабылдай алмаймын. Бүркітті шығармашылығы үшін ерекше сыйлаймын. Оның өлеңдерін сүйіп тыңдаймын. Бірақ оның «Қалаулымға» қатысқанын білгенімде жүрек жағыма бірдеңе тұрып қалғандай болды. Бір-бірінің артын ашқан, хайп қуғандар қатысатын бағдарламаға қатысқаны үшін Әміре өкінетін шығар, – деп жауап берді Нұрболхан Шарапов.

Еске сала кетейік, Әміре «Қалаулым» бағдарламасына 2017 жылғы маусымына қатысты. Ол биыл «Маска» шоуына Бүркіт образында қатысып тыңдармандарың ықыласына бөленді. Бірақ финалдық кезеңге шыға алмады.

nur.kz.




Көрілген: 2525    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 22:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30