Өркениет

Нұрдәулет Шертім: Сикош деп әзіл айтқанымыз үшін "Ағайынды төртеудің" жігіттерінен таяқ жедік

  • Нұрдәулет Шертім: Сикош деп әзіл айтқанымыз үшін

    Нұрдәулет Шертім: Сикош деп әзіл айтқанымыз үшін "Ағайынды төртеудің" жігіттерінен таяқ жедік

Нұрдәулет Шертім сұхбатында еш жерде айтылмаған сырларын айтты. Көрерменнің ең сүйікті актері өнердегі, өмірдегі көрген келеңсіздіктерін жеткізді.

Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтылды. 
Шертім бүгінде бес баланың әкесі. Бірнеше фильмде, сериалдарда бой көрсетті. Алдағы уақытта жеке кәсіп ашуды қолға алған. Ал өнерге жаңа келген шақта небір қысым көргенін жасырмайды. 

"Сахнаға жаңа шығып, ел танып жатқан уақытта жігіттер туралы әзіл шығардық. Серік деген ат барлық ауылда бар ғой. Серікті бәрі Сикош деді. "72-дегі Сикош" деген лақап атпен шықтық. Ауылдың бәрінде кішілер үлкендерден қашып жүретіні бар. Соны мысалға келтірдік. Сикош келе жатыр десе, бәрі қашады. Әзіліміздің үлкен астары болған жоқ. Сөйтсек, "Төрт ағайынды" арландарының бірінің есімі Серік қой. Әзіліміз сол кісінің құлағына жетіпті. Ол кісі өзінше қабылдаған. Біз мүлде басқа Сикошты айтып жүрміз. Бір күні Серік аға бізді шақырып алды. Біз арқамыздан қағып, көлік сыйлай ма деп ойладық. Барсақ, "сендер неғып мен туралы әзіл айтып, сахнада қашып жүрсіңдер?" деді. Біз оның басқа Сикош екенін айтып түсіндірмек едік. "Қазақстана менен мықты Сикош бар ма не?" деді. Жауап бере алмай қалдық. Осы кезде Қыдырәлі Болманов ағамыз келіп сөйлесті. Біз ол кезде баламыз. Болманов аға үлкендерше сөйлесіп, мәселені шешіп берді", - деді әзілкеш.

Нұрдәулет Шертім әзіл үшін бірнеше келеңсіз жайттарға тап болғанын жасырмайды. Бұған дейін Рахат Әлиев туралы әзіл айтамыз деп, бір шапалақ алғанын айтқан еді. Кейіннен бандиттермен араздасып, көлігінен айырылғанын сөз етті.




Көрілген: 2780    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 16:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31