Өркениет

Нұржан Төлендиев Азамат Сатыбалдыға қатысты өз ойын ашық айтты

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Отандық танымал актер Нұржан Төлендиев Түркістан қаласында жаңадан ашылғалы жатқан театр төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді. Сонымен қатар, ол әріптесі Азамат Сатыбалдының сол театрға басшы болып "тағайындалуы" жөнінде ойын айтты. Өнер иесі оның еңбегін жоққа шығармайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

"Райымбек Сейтметов ұстазымыздың жатқан жері жайлы болсын. Ол кісі Алматыдағы жылы орнын тастап, туған өлкесінен тақыр жерден театр ашты. Мен ол кісінің ең алғашқы шәкіртімін. Сол кісінің шеберханасынан шыққанмын. Әкемдей адам, қалай мен бұл жайтқа күйінбеймін. Түркістанда еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін оның еңбегін жақсы біледі. Қаншама пайдалы, тәрбиелік мәні зор қойылымдар қойды. Адам көзі кеткеннен кейін өзі кетті деуге болмайды. Алладан қорқу керек. 21 жыл уақытын сарп еткен. Түркістанның құрметі, сол кісінің аруағының разылығы үшін беру керек қой. Мұхтар Шаханов досы, Дулат Исабеков досы. Ақсақалдарымыз айту керек еді "еңбегі бар" деп. Олардың сөздері бізге қарағанда салмақты ғой", - деді Төлендиев.

 

Сонымен қатар, өнер иесі Азамат Сатыбалдыға қатысты өз ойын ашық айтты.

 

"Кәсіби маман ретінде ол мықты актер әрі режиссер. Мен Азекеңнің өнері мен еңбегін жоққа шығармаймын. Бірақ, ол кісі де ұсыныспен келіп отырған шығар. Ол да "мүйізі қарағайдай ұстазымыз ғой, сол кісіге берілу керек" деп айту керек еді. Айтса айтып та жатқан шығар. Мен оны білмеймін. Әріптесімді жамандап отыру маған жат. Келсін. Қанша театр ашылса да Азамат та, басқасы да келіп басқарсын. Оларға жоқ демейміз. Бірақ, бірінші Райымбек ағаға берілу керек. Одан кейін келе беру керек" , - деді ол "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында.

 

Айта кетейік, бұған дейін Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театрының актрисасы Жадыра Сейдахметова Түркістан қаласындағы жаңа театр басшылығына Азамат Сатыбалдының келетіні жайлы жаңалыққа шүйліккен болатын.

 

 




Көрілген: 6807    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2021, 18:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30