Өркениет

Нұрлан Қоянбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың "Түнгі студияға" қалай келіскенін айтты

  • Нұрлан Қоянбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың

    Нұрлан Қоянбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың "Түнгі студияға" қалай келіскенін айтты

Нұрлан Қоянбаев осыдан 4 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты "Түнгі студия" бағдарламасына шақырып, сұхбаттасты. Сол кездегі ел президентін ойын-сауықтық бағдарламадан көрген жұрттың қатты таңырқағаны рас. Қоянбаев Назарбаевты қалай көндіргенін Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бір кездері "Түнгі студия" - үлкен сұранысқа ие, халықтың сүйікті бағдарламасы болды. Елдің жүрегіне жол тапқан Қоянбаев мұның сырын ашты. Ол елге еңбегі сіңген азаматтарды бөліп-жармай түгел шақыруға тырысқанын айтты. 

 
"Диванның абыройын көтеру - менің мақсатым болды. Жақсы контент шықты, себебі қандай да бір іс атқарған адамдардың бәрін шақырдым. Өзіме ұнайтын, ұнамайтын деп бөлмедім. Басқа арна жүргізушілерін де шақырдым. Негізі олай жасамайды. 

Бірақ мен оны халықтың диваны деп көрдім. Ақыр соңында барлығы келсе, президент те келуі керек қой деп ойладым. Басшылыққа айтқанда, бәрі күлді. Мән бермеді. Қарапайым КВНщиктің бағдарламасына келу - президенттің имиджіне де жақсы. Жалғыз түсінген адам - Ақпарат және байланыс министрі болды.

"Керемет идея, супер" деп, Елбасымен келістіріп берді. Мен Тайландта жүргенде хабарласып, айтты", - деген Қоянбаев бұл жаңалыққа өзі де таңғалғанын жасырмады.
Алайда Нұрлан мырза бағдарлама үшін барын салып жүрген шақта, еңбегін лайықты бағаламаған Ұлттық арна басшылығына реніші барын айтып қалды. 

"Президент менің бағдарламама келеді, мен осы арнада жұмыс істеймін. Мен Тайландтан келемін, ертең бізде президентпен эфир. "Маған бизнес-кластан орын алып бересіздер ме? Эконом бітіп қалыпты. Болмаса ертең тақалған уақытта ғана келе аламын" - десем: "Ала алмаймыз. Керек болса, өзің ал", деді. Сол кезде қайтарымы жоқ екенін түсіндім. 

Ол менің де бағдарламам емес қой. Неліктен сол билетті алып бере салмасқа? Соның сөз болғанының өзі маған ұнамай қалды. Әйтпесе, мейлі ала саламын, шешемін", - дейді Қоянбаев.

Нұрлан Тайландтан ұшып келіп, сұхбатты өткізгеннен кейін, телеарнадан кету туралы ойлана бастағанын айтады. 

"Біз де адамбыз, кейде өз отбасымызға энергиямыз жетпейді. Сен жұмыста жүргенде, балаң өсіп қалған. Ал жұмысқа келсең, қайтарымы жоқ. Айлығың да кішкентай, қолдамайды. Мен онда кеттім деп ойлайсың. Ал негізі кетпеуім керек еді. 

Ресейдің бірінші арнасында 70-80-ге келген аталарымыз отырады. Ал бізде телеарнада тек қана жастар. Неге? Өйткені олар көп сөз айтпайды, қарсы шықпайды. Соларды қалдыра береді", - деді Нұрлан.




Көрілген: 474    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.09.2021, 14:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31