Өркениет

Нұрлан Өнербаев Димаш туралы ойын айтты

  • © 24.kz

    © 24.kz

Әнші өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Димаштың Мәскеудегі концертінен кейінгі ойымен бөлісті.


"Тағы бір жаңа биік. Тағы бір жаңа белес. Ән әлеміндегі бұған дейін ешбір әнші жете алмаған биікке біздің Димашымыз жетіп қана қойған жоқ,ол одан асып түсті. "Бәрекелді!" дейміз. Осындай ұлдың өзіңнен шыққанына және қазақ болғанына, қазақ болғанда да қаны бар, намысы бар қазақ болғанынан айналып кетпейсің бе, ағайын? Қашаннан елдің, жердің атын шығаратын да, әйгілейтін де сол елдің өнері мен мәдениеті,тарихы болған", - дейді әнші өз жазбасында.


Ол Димаштың бойына біткен қасиеттерге де таңырқап отырғанын жасырмапты.


"Терең тарихы мен бай мәдениетін әлемге өнері арқылы танытып келе жатқан Димаш ұлымыздың бойына көрікті, биязылықты, мәдениеттілікті, өнерді, асқақ үнді жаратушымыз қазақы мінезбен қосып, намысты қылып, аямай-ақ берген екен. Көмейіне бұлбұл ұя салған деген теңеу Димашқа ғана лайық деп санаймын. Өнер адамы ретінде білетінім, әнді әркім айтады, әңгіме сол, әнді қалай айтқанында, қалай орындағанында. Димаш дауыс қабілеті мен үн әуезділігінің деңгейін бүгінге дейін ешкім жете алмаған биікке көтеріп тастады. Бұл бес құрлық тыңдарманы мойындаған әлемдік құбылыс екеніне қуануымыз керек",- дейді Өнербаев.


Әншінің айтуынша, Димаштың орындаушылық қабілетіне баға беріп,сараптама жасаушылар ойланып сөйлеуі тиіс.


"Атам қазақ қашаннан бұлақ көрсе, көзін ашқан. Көкке ұмтылғанның көмейін тығындамай,етегінен кейін тартып, жігерін жаншымаған. Біз бір-бірімізді демесек қана, бір-бірімізге дем беріп, көтермелесек қана іргелі ел боламыз. Қазақ елінің, қазақ өнерінің, қазақ әнінің кезекті жеңісі құтты болсын! Сол жеңісті еліне жеткізген Димаштай ұлымыз аман болсын! Өнерпазымыздың жеңісті де жемісті күндері көп болсын", - дейді әнші.


Бұл жазбаны оқыған Димаштың өзі өнердегі ағасының ақ тілегіне алғысын білдірген.


"Сіздердің салған сара жолыңызбен жүру - біз үшін үлкен бақыт. Жылы лебізіңізге көп рақмет. Сіздің дауысыңызды қатты сағындық. Сізден бата алып жатқан менде арман бар ма?",- дейді танымал әнші.


Жазба екі мыңнан астам адамға ұнаған. Астында 200-ге жуық пікір жазылыпты.


Sputnik


 




Көрілген: 1704    Пікірлер: 0

сенбі, 30.03.2019, 20:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31