Өркениет

"Одан бас тартамын": Сиви Махмуди Жанар Хамитовамен бірге жұмыс істемейтін болды

  • "Одан бас тартамын": Сиви Махмуди Жанар Хамитовамен бірге жұмыс істемейтін болды

 Айтуынша, Жанардың кей мінезінен шыдау мүмкін емес. Әнші Жанар екеуінің қарым-қатынасы жайлы ашық айтты, деп хабарлайды Stan.kz.


Бұған дейін өнерге қайта оралған Жанар Хамитоваға әнші Сиви қолдау білдіріп, бірлесіп жұмыс істей бастаған болатын. Алайда көп уақыт өтпестен Сиви бұл ойынан айныған секілді.


"Халықты алдамай бәрін айту керек. Ертең мен Жанарды орта жолда тастап кетті деп сөкпесін. Жанар екеуміз бірге тұра алмайтын секілдіміз. Ол ұйықтар алдында ғана маған ризашылығын айтып отырады да, таңертең ол ойынан айнып сала береді. Ән айтқысы келмейтінін айтады. Шығармашылықпен айналысқым келмейді деп жылайды. Әртүрлі көңіл-күйде жүреді. Концерт алдында да бәрінен бас тарта салуы мүмкін. Бұған Ақтөбе облысында бір ай концерт берген уақытта көзім жетті. Желі қолданушыларының пікірін оқып жылайды. Оны сабырлыққа шақыруға тура келеді. Мен көп нәрседен бас тартпай, соңына дейін баратын адаммын. Бірақ бұл жолы келісім жасаспай тұрып, одан бас тартамын деген шешімге келдім", - дейді Сиви.

Сиви Жанардың бұндай көңіл-күйін жақсы түсінетінін айтады. Жанардың отбасылық жағдайы, ата-анасымен қиын байланысы, балаларынан ажырағаны, қиын балалық шағы бәрі оның психологиялық тұрғыда соққы болған дейді.


"Жанар екеуміз ұрыспаймыз. Ара қатынасымыз жақсы. Тек ол шығармашылыққа, нақты бір жұмысқа кірісуге дайын емес секілді. Қазақстанда тұрғысы келмейді. Ол басқа продюсер таппқанша не тұрмысқа шығып, не отбасына қайта қосылғанша күзгей дейін жұмыс істейміз. Әрі қарайғы тағдырын өзі шешеді", - дейді Сиви.


Жанардың өзі де Қазақстанда қалғысы келмейтін көрінеді. Әншінің айтуынша, ол сіңлісі тұрып жатқан Лос-Анжелес кетуді жоспарлап жүр.

 


kaz.caravan.kz




Көрілген: 2412    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.06.2019, 21:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31