Өркениет

Ол емделіп шықты: Әсел Асқар ажырасып кеткен күйеуімен қайта қосылғанын айтты

  • Ол емделіп шықты: Әсел Асқар ажырасып кеткен күйеуімен қайта қосылғанын айтты

    Ол емделіп шықты: Әсел Асқар ажырасып кеткен күйеуімен қайта қосылғанын айтты

Актриса Әсел Асқар жолдасы Айбекпен қайта қосылды. Бірнеше уақыт екі жақта жүріп, ажырасып кеткен жұп қайта бас қосты. Бұның мән-жайын актрисаның өзі түсіндірді.

Әсел Асқар жұбайымен ажырасып кеткенін, қайта қосылмайтынын мәлімдеген еді. Енді оқырмандарына сүйінші жаңалығын айтты. Ажырасқан соң жүктілігін білген актриса баланың әкесімен қайта қол ұстасқан. 

 
“Ол менен кешірім сұрады. Өзінің қателескенін, артық кеткенін айтты. Қиналғанын жеткізді. Кейін емделіп, дәрігерге қаралғанын айтты. Менен бір мүмкіндік сұрады. Алғаш рет менің құрсағымды ұстап көрді. Біз таңға дейін сырластық. Жыладық. Кұшақтастық. Сүйістік. Бар сырымызды аштық. Ол мені, мен оны айыптаған жоқпын. Мен бұрынғы өзім сүйген азаматты көрдім. Сабырлы, салмақты, мені қорғай алатын азаматты көрдім. Осылайша бірге боламыз деп шештік. Осындай жаңалығыммен қуантқым келеді”, – деді Әсел. 

Актриса жолдасы Айбек кешірім сұрап келіп бір мүмкіндік беруін өтінген. Осылайша татуласа алды. 

"Менің кешірмеуіме болатын еді, оған барлық құқығым бар еді. Ол қайтып оралмауына да болаты еді, ол да барлық құқыққа ие болды. Бірақ, шамасы, Құдіретті Құдайдың біз үшін өз жоспарлары бар секілді. Ал біз, шамасы, бір-біріміз бірге болу керек шығармыз. Немесе мүмкін бұл махаббат, мүмкін менің даналығымнан болды немесе оның сынағы шығар, немесе бұл біздің ортақ сынағымыз болған шығар. Кім біледі. Бірақ берік отбасы - бұл көп жұмыстың нәтижесі",  – деді актриса. 

Желідегі оқырмандары құтты болсын айтып, бақыт тілеп жатыр. 

“Қосылғандарыңызға қуанып отырмын, енді ажырамаңыздар”, “Бақытты болыңыздар, дұрыс істегенсіз”, “Бәрі жақсы болады”, “Ажырасу да оңай, қосылу да оңай”, “Хайп екенін біліп едім”, “Біреудің ажырасқаны, қосылғаны кімге қызық”, “Сіз мықты әйелсіз, даналығыңыз жетіп кешіре алдыңыз”, “Ажырасқаны рас қой”, – деп әртүрлі пікірлр жазылды.




Көрілген: 574    Пікірлер: 0

жұма, 22.10.2021, 13:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31