Өркениет

Ол менің өмірімде ақ күйінде қалады: Рахман Омар бірінші әйелі жайлы

  • Ол менің өмірімде ақ күйінде қалады: Рахман Омар бірінші әйелі жайлы

    Ол менің өмірімде ақ күйінде қалады: Рахман Омар бірінші әйелі жайлы

Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтылды.

 Белгілі театр актері, тележүргізуші Рахман Омар өмірі мен шығармашылығы жайлы сұхбат берді. Бірінші жары мен ортақ ұлдары туралы айтты.

Актер бүгінде екінші отбасымен тұрады. Бірінші әйелі екеуінің ортақ ұлы бар. 

Айта кетейік, қазалы оқиға көпшіліктің есінді. Актер Рахман Омардың бірінші әйелі пәтер жалдаушының қолынан қаза болған еді. Оқиға 2018 жылдың 25 маусымы күні болды. Әйелдің мойнына 7 рет пышақ салған. Тергеу мәліметінше, қайғылы жағдай жанжалдан туған.

Гүлдерайым Омарованың артында үш баласы қалды. Марқұм әйел дүкенде сатушы болып жұмыс істеген.

"Гүлдерайыммен болған жағдайды тағдыр деп есептеймін. Бұрын тағдыр дегенге сенбейтінмін. Баянсыз бақ десе де болады. Өмірде әртүрлі ұяшықтар әртүрлі түсте болатын болса, ол менің өмірімде ақ ұяшық күйінде қалады. Ол біздің ортақ баламызға керемет тәрбие берді. Досханмен о бастан араласамыз. Оны тастанды бала етіп кеткен жоқпын. Балаларым алдында үлкен борышым барын білемін. Жалғыз қалғанда кінәмді сезінемін. Жалғыз қалғанда адам ойланады ғой. Ғарышқа кетіп қалады. Өзіне есеп береді дегендей. Бастысы артымнан ерген балаларыма құдай өмір берсін. Соларды аяқтандыруға маған күш берсін", - деді актер. 

Актердің бірінші әйелінен туған ұл Досхан анасың тәрбиесі жайлы айтты. 

"Анам ешқашан әкемді жамандаған емес. Әкемді жақсы адам деп отыратын. Әкемді жақсы көріп өстім. Әкеңе жақын бол деп үйретті. "Әкең сүттен де ақ. Әкеңе ренжіме" деп өсірді", - деді ол. 

Рахман Омар алғашқы жары екеуі ең алғаш Алматыдағы Райымбек пен Тілендиев көшесінің қиылысында тұрған. Бұл актердің маңдай терімен тапқан алғашқы баспанасы. Көршісі Айша әжей Рахман мен әйелінің жақсы адамдар екенін айтып ағынан жарылды. 

"Рахман мен әйелі көшіп кеткелі ондай көрші көрген жоқпын. Ең жақсы адамдар. Әйелі де керемет еді. Өте ақкөңіл еді", - деді бұрынғы көршісі Айша әже.

Бұрынғы ортақ досы Лиза Серікова да бұрынғы құрбысы Гүлдерайым Омарованы еске алды. 

"Рахман екеуінің тойына куә болдық. Гүлдерайым бір көргеннен ұнады. Өте мейірімді, жүзі жылы, ашық жарқын адам еді. Достыққа адал еді. Екеуі екі жаққа кеткенде бәріміз қайғырдық. Қимастық сезім болды. Гүлдерайымды бәріміз жақсы көретінбіз", - деді құрбысы.

stan.kz




Көрілген: 4424    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.01.2021, 16:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31