Өркениет

Олжас Сыдықбек журналист Ғалым Кеңшілікке пранк жасады (видео)

  • Олжас Сыдықбек журналист Ғалым Кеңшілікке пранк жасады (видео)

    Олжас Сыдықбек журналист Ғалым Кеңшілікке пранк жасады (видео)

Пародист Олжас Сыдықбек журналист Ғалым Кеңшілікке пародия жасады. Актер Жүрсін Ерманның даусымен телефон арқылы Ғалым Кеңшілікке уәжін айтты.

Олжас Сыдықбек “Таңшолпан” бағдарламасында журналист, тележүргізуші Ғалым Кеңшілікке пранк жасады.

 Олжас Сыдықбекп Жүрсін Ерманның даусын салып, пародия арқылы көпшілікке танылды. Бекболат Тілеухан, Мейрамбек Бесбаев сынды тұлғалар арқылы көрерменнің көзайымына айналды. Сахнаға 18 жыл бұрын шыққан талант бүгінде мемлекеттік академиялық филормония директорының орынбасары. Мемлекеттік қызметте жүргендіктен шығармашылықа уақыт тапшы деп ақталды өзі.

“Шақыртулар көп. Концертіңді жасамайсың ба деп айтады. Пародияға шақырады. Мен қазір көбінесе жүргізушілікке бет бұрып кеттім. Концерттерге шақырту аламын. Жұмыс басты болып кеттік. Пародияға, өнерге көп уақыт бөле алмай жүрмін”, – деді Олжас Сыдықбек. 

Актер тікелей эфирде Нұрлан Еспановтың, Бекболат Тілеуханның, Мейрамбек Бесбаевтың даусын салды. Одан бөлек бағдарлама жүргізушісі Ғалым Кеңшілікке телефон арқылы хабарласып, уәжін айтты. 

“Ғалым Кеңшілік пе екен? Бұл Жүрсін Ерман деген қазақ қой. Сенің жүргізіп жүрген бағдарламаң “Егіз лебіз бе?”. Әділ қазы болып Тұңғышбай отыр. Неге мені шақырмайсыңдар? Әнде айтамын. Тәп-тәуір ән салатын қазақпын мен. Қашан шақырасыңдар?”, – деді пародист. 

Журналист бастапқыда шын сеніп, ақталуға тырысты. 

“Сіз қонақ болып келдіңіз ғой, аға. Шақырамыз. Ұйымдастырушыларға айтайын. Оны мен шешпеймін ғой”, – деп ақталды. 

Кейіннен пранк екенін біліп, күлкіге қарық болды. 

stan.kz




Көрілген: 1182    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.06.2021, 17:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31