Өркениет

"Онсыз да араларың дұрыс емес": Жарқынай Ханайым күйеуімен ашық сахнаға түскен актрисадан сөз естіп қалған

  • "Онсыз да араларың дұрыс емес": Жарқынай Ханайым күйеуімен ашық сахнаға түскен актрисадан сөз естіп қалған

Жарқынай Ханайым "Рауза" телехикаясының екінші маусымына шақырту түскенде бас тартқысы келген. Айтуынша, ол шақта күйеуі Айдар екеуінің арасына онсыз да сызат түскен. Қарым-қатынастағы шикіліктің өзгелерге таралуын қаламағандықтан, киноға түскісі келмеген. Алайда продюсерлері ренжігендіктен, ақыры келіскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Hit-Tv арнасының "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бірінші маусымда Рауза өліп қалған еді. Екінші маусымда солай болып қалса, тек оны еске алу ретінде болса екен деп ойладым. Бір жағынан, сатқын сезіндім. Кино Рауза туралы болған соң, аяқтан шалған сияқты болдым. 
Баян Мақсатқызы ренжіді", - дейді Жарқынай.

Айдар Асқарбек сериал алаңында КешYou-дің қазіргі әншісі Наргиз Алтайбаймен сүйіскен. Мұны білмеген Жарқынай экраннан көргенде қатты таңырқаған. Бұл туралы талай сұхбатында айтып та жүр. 

 
"Жаз кездерінде Айдар түсірілімде жүрді, менде аздау болды. Мен сценарийді толық көрдім, түсіністікпен қарадым. Бірақ Айдардың ақылы бар, мені болмаса да, Айлананы ойлап, қатты ашық сахналарға бармайтын шығар деп ойладым. 

Қызғаныш емес. Мен құрметсіздік көрдім. Егер ол менің алдымнан өтіп, өмірде қарым-қатынасымыз жақсы бола тұрып, алдын ала келісілсе, көз жұма салуға болады. Өзім де актрисамын, білемін ғой, ең бастысы жүрекпен бізбен бірге", - дейді Жарқынай.

Айтуынша, жеке өміріндегі қиыншылықты продюсеріне жеткізгенде ол (авт. Баян Мақсатқызы) жұмыспен араластырмауды сұраған. - Алайда сол сахнаны көргенде, менен бөлек, анам да, құрбыларым да қатты таңғалды, дейді актриса.  


"Үйден қашып кеттім": Жарқынай Ханайым елге қалай оралғанын айтты
"Рұқсат сұраған жоқ": Жарқынай Ханайым өзге актрисаны сүйген күйеуіне қатысты пікір білдірді

"Құрбыларым да, анамның өзі де біртүрлі болып қалды. Голливуд жұлдызы болмағаннан кейін, бұл қазақ сахнасы болғаннан кейін, көрермен Рауза мен Сакураны көргісі келеді. Құрметті режиссер, егер сүйісу сахнасын көргісі келсе, неге Рауза мен Сакураны сүйістірмеді? 

Мен де сүйісіп беретін едім, әсіресе, өзімнің күйеуіммен. Қайын атам көріп, бүкіл Қазақстан талқыласа да, ең бастысы, өз күйеуіммен сүйісіп жатырмын. Актриса ретінде тапталып қалдым. Не үшін Рауза тірілді, орынсыз жүрді. Сүйістің атасын көрсететін едік. Ер кісілердің басы кететіндей сахна жасап беретін едім", - деп ренішін білдірді ол. 

Жарқынай болған жағдайдан кейін күйеуімен ашық сахнаға түскен актрисаға хабарласып, ренішін айтқан. Бір қызығы, ол Жарқынайдың өзіне кері жауап берген.

"Ол қызды білемін, Академияда бірге оқығанбыз. Өте тәрбиелі, сұлу. Сырттай бағалап, сүйсініп отыратынмын. Түсірілім алаңында сол қыз болғандықтан, ешқандай күдіктенген жоқпын. Айдардың жары кім екенін, қалай қосылғанымызды біледі. 

"Қазақтың қызысың. Неге бір ауыз алдымнан өтпедің?" - дедім. Ол маған: "Сендердің қарым-қатынастарыңда бір жылдан бері де проблема болып жатыр екен ғой. Айдар онсыз да сенімен ұрсып жүр ғой. Неге мені кінәлап тұрсың?", - деді. Шыны керек, күткен жоқпын. 

Ең бастысы, мен - оның әйелімін, қызымыз бар, ажырасқан жоқпыз. Ұрысамыз ба, өзіміз білеміз, бүкіл Қазақстанға оны айтқан жоқпыз", - деді Жарқынай.

Жарқынай Айдармен ресми түрде ажыраспағанын, некелеріне әлі нүкте қойылмағанын жеткізді. Барлығын уақыттың еншісіне қалдырды. Бірақ: 
"Кешірім сұраған адам болса, кешіремін. Түсінгенім, Айдарға қазір шығармашылық маңызды", - деді ол. 
 




Көрілген: 696    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 12:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31