Өркениет

Онымен ажырасқым келмеген: Дәурен Айдарқұлов бірінші әйелімен болған махаббаты жайлы алғаш рет ашып айтты

  • Онымен ажырасқым келмеген: Дәурен Айдарқұлов бірінші әйелімен болған махаббаты жайлы алғаш рет ашып айтты

    Онымен ажырасқым келмеген: Дәурен Айдарқұлов бірінші әйелімен болған махаббаты жайлы алғаш рет ашып айтты

Қазақстандық актер, әзілкеш Дәурен Айдарқұлов қазір бойдақтар қатарында. Екі некесі сәтсіз аяқталған әзілкеш бұны тағдырға балайды. Әзілкеш алғаш рет бірінші әйелі туралы, оған деген махаббаты, таныстығы туралы айтты. Баянгүлмен не себепті үйленгенін әңгімелеп берді.

Бұл туралы "Талк лайк" бағдарламасындай айтылды. 

 
Айдарқұловтың екінші жары Ақбота мен арадағы махаббаты жайлы көп айтылғанымен Дәуреннің алғашқы некесі жайлы ақпарат жоқ. Тіпті Баянгүлмен қалай танысқаны туралы да жария еткен емес. 

"2007 жылы елорданың туған күнінде досым хабарласты. Павлодарға шақырды. Баянауылда Жасыбай деген жер бар. Ол жердің табиғатына ғашық болдым. Бірінші әйелім Баянгүл де сонда демалуға барған екен. Әпкесі екеуі жүрді. Мен оны сырттай көріп таныстым. Нөмірін алып, хабарласып жүрдім. Ол кезде КВН-де жүрген жігіттердің бәрі үйленген еді. Нұрлан екеуміз ғана бойдақ болдық. 26 жаста едім. Отбасымдағылар да маған үйлен деп көп айта бастады. Баянгүлмен үйленгенге дейін 4-5 рет қана кездескенмін. Ұзақ сөйлесіп жүргендіктен үйленуді дұрыс деп шештім. Балаларыма жақсы ана болады, ата-анама жақсы келін болады деп ойладым", - деді актер. 


Дәурен Айдарқұлов: Мен 34 жасымда алғаш рет ғашық болдым, Ақботаны шектен тыс қызғандым

Ақбота Сейтмағамбет: Дәуреннің менің көзіме шөп салғанын да кешірер едім

Айдарқұловтың айтуынша, Баянгүлге деген үлкен сезімі болмаған. Ақботаға ғашық болғандай сезімім болмады дейді өзі. Алайда жақсы ана, жақсы келін болды деп мойындайды. 

"Ол шынында да жақсы ана, жақсы келін болды. Кінәнің бәрі менде. Егер екінші некеммен салыстырсам, Баянгүлге дәл Ақботаға ғашық болғандай сезімім болмады. Жігіттер арасында бала саны жөнінде жарыс басталып кетті. Соны бәрі әсер етті ме, бір жылдан соң Баянгүл екеуміз үйлендік. Ғашық болғаннан емес, басқа себептерге байланысты үйленген шығармын деп ойлаймын", - деді әзілкеш. 

Айдарқұлов қазір үлкен ұлымен бірге тұрып жатыр. Балаларын қалаған уақытта көре алады. Қазіргі дағдарыс уақытында өзінің де қаржылай жағынан қиналып жүргенін мойындады. 




Көрілген: 609    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 19:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31