Өркениет

"Оның ер азаматы емес": Белгілі нумеролог Ақбота мен Дәуреннің ажырасу себебін айтты

  • "Оның ер азаматы емес": Белгілі нумеролог Ақбота мен Дәуреннің ажырасу себебін айтты

 Клара Күзденбаева ажырасып кеткендерін хабарлап, дүйім жұртты таңғалдырған Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбетке қатысты пікір білдірді. Белгілі нумерологтың айтуынша, жұлдызды жұптың бірге ұзақ болмайтыны басынан-ақ белгілі болған. Олар рухани тұрғыда мүлдем әр түрлі адамдар болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Нумеролог маман Ақбота Сейітмағамбетке болашаққа кеңесін де берді. Ол әнші аруға мансабына көп көңіл бөлу керектігін айтты. Күзденбаеваның сөзінше, шоу-бизнес сылқымы шығармашылығын шыңдай түссе, оның өміріне махаббат та келеді. Ал Дәурен Айдарқұлов тіптен оның ер азаматы емес. Оның болжамына сәйкес, Ақбота Сейітмағамбет үшін нағыз берік отбасы құратын уақыты 26-27 жасында болмақ. Еске сала кетейік, өнер иесі осы жылдың қазан айында 25-ке келеді.

"Олар қосылғанымен, бірге ұзақ тұра алмады. Кез келген қарым-қатынас өзара энергия алмасу болып табылады. Олар энергетикалық тұрғыда өте жақсы сай келді. Бірақ, рухани және физикалық тұрғыда жолдары бөлек, тоғыспайды. Олар энергетикалық жақтан қосылғанымен, отбасын сақтап қала алмады. Оның себебін сандар бойынша түсіндірейін. Екі адамда да төрт саны болмаған жағдайда, отбасында күнде ұрыс-керіс дегенді білдіреді. Ақбота өте еңбекқор қыз, тәулік бойы жұмыс істей алады. Ол өте өнерлі адам. Оның ұстіне одан жақсы кәсіпкер де шығар еді. Ол ақшаны жақсы санайды. Оған тек қана тұрақтылық пен қулық жетіспейді. Басты проблемасы бетінде жазылып тұрады. Қулық таныта алмайды, алдай алмайды. Алдымен, ол мансабын қолға алу керек. Мансабы өрлесе, оның өміріне махаббат та келеді. 26 мен 27 жас ол үшін нағыз керемет отбасы құратын уақыт. Осы екі жыл оның тағдырына елеулі түрде әсер етеді. Бұл кезде тағдыр оған жүрегінің екінші жартысын ұсынады. Дәурен оның ер азаматы емес" , - деді ол.

KAZ.NUR.KZ.

 




Көрілген: 1940    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.07.2020, 16:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30