Өркениет

"Оның көзіме шөп салғанын да кешіретін едім": Танымал журналист күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты

  • "Оның көзіме шөп салғанын да кешіретін едім": Танымал журналист күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты

Танымал қазақ журналисі Ирина Советжанқызы жастайынан күйеуімен ажырасқанын айтқан еді. Енді оған не себеп болғанын айтты. Көпшілікті еліміздегі жаңалықтарымен хабардар етіп жүрген журналист жеке өмірінен сыр шертті.

"Күйеуіңіз ішімдік ішпеген. Қол көтеріп көрген емес! Осы жауабымнан кейін жазып отырған қағазын жинап, адвокат келіншек бетіме қарады. Көзінен "есің дұрыс па өзіңнің?" деген жауап оқыдым. -Мен ажырасудың себебіне не деп жазуым керек сонда, қалай ойлайсың? - Ажырасу қағазы оған керек. Себебін өзі жазсын. Кейін xабарласамын" деп шығып кеттім. Менің пропискам ауылда болған ол кезде. Күйеуім сол тұста бірге тұратын әйелімен ауылға барып, ажырасуға шағым қалдырады дегенді естіп, өзімше бірінші қимылдаған түрім. Сүйіп қосылған күйеуім. Қимастықтан бұрын әділетсіздік есімді жоғалтты. "Мен оның көзіме шөп салғанын да кешірдім. Қажет болса, тағы да кешіретін едім ғой. Тек неге кешірім сұрай салмайды? Ең болмаса, қыдырып кетсең де, тамағымызға ақша қалдырып кетпедің бе?" Ішкі ойым осындай. Оның кез келген қылығын ақтап алғым келеді. "көзіме көрінбе!" деп тұрған сырт келбетім ғана.


Өмірімнің ең қиын сәттерінің естелігі. Өткеніңнен сабақ алмасаң, бүгінің бүтінделмейді. Өткеніме өкпем қалмасын! "Неге ажырасып кеттіңіз?" деген оқырманымның сауалына жазып жатқан жауабым. Еркек басқа әйелге көз салса, ол ғана кінәлі емес! Суретте ұлыма аяғым ауыр кез. Анам, сіңлім, қызым және балаларымның әкесі", - деп жазды Ирина Советжанқызы.


Желідегі оқырмандары оның сөзін қолдап, ақ тілегін айтты.


"Балаларын тастаған жауыз. Еркектерге сенім жоқ негізі", "Ирина, төзімділік пен табандылығыңыз барда жоқ болмадыңыз, керісінше жоғарыладыңыз. Көгілдір экраннан сізді көрген сайын, өткен ісіне өкінетін шығар балаларыңыздың әкесі", "Суреттерін әлі сақтап жүрсіз, дәл мен сияқты. Жек көрмейсіз бәрібір. Өткендегі өкінішпен өмір сүру мүмкін емес", "Жолдасыңыз əп-əдемі екен. Өзіңіз қандай сұлу келіншексіз. Мүмкін, тағдырыңыз шығар. Өмір ғой дегенмен. Бəрі жақсы болсын", - деп жазды олар.


Бұған дейін қазақ журналисі күйеуімен ажырасқанын, алайда ешкімге қол жайып ақша сұрамағанын айтқан еді. Бұл ажрасқан келіншектерге айтқан кеңесі болды.  




Көрілген: 3581    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.05.2019, 12:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30