Өркениет

Опера өнерінің майталманы Нариман Қаражігітов өмірден озды

  • Опера өнерінің майталманы Нариман Қаражігітов өмірден озды

    Опера өнерінің майталманы Нариман Қаражігітов өмірден озды

Оның шәкірттерінің қатарында белгілі әншілер: ҚР халық артисі Ғафиз Есімов, ҚР Еңбек сіңірген артисі (марқұм) Бақытжан Ысқақов, «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Мұрат Құсайынов және басқа да көптеген өнер майталмандары бар.

Қазақстанның халық артисі, опера өнерінің майталманы Нариман Нұрмұхамедұлы Қаражігітов дүниеден озды. Қаралы хабарды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының баспасөз қызметі жеткізді.

«Нариман Нұрмұхамедұлы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер елдімекенінде 1934 жылы дүниеге келді. Оның өнерге және әнге деген құштарлығы бала кезден ерте оянған. 1958 жылы қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Жеке ән салу» бөліміне оқуға түсіп, бүгінде әншілердің атасы аталып кеткен Бекен Жылысбаевтың класына қабылданады. Ал 1965 жылы консерваторияны аяқтағаннан кейін Абай атындағы опера және балет театрының әншісі болып қабылданды. Содан бері оның өмірі, жан тылсымы сонымен біте қайнап келді. Өнер иесі лирика-драмалық тенорлы дауысымен сахналық қойылымдарда ерекше рөлдерді сомдап, көрермен көзайымына айналды. Нариман Қаражігітов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында біліп алып қана қоймай, біраз жылдар бойы қазіргі «Халық музыкасы» факультетінде ұстаздық қызмет атқарған», - делінген хабарламада.

Оның шәкірттерінің қатарында белгілі әншілер: ҚР халық артисі Ғафиз Есімов, ҚР Еңбек сіңірген артисі (марқұм) Бақытжан Ысқақов, «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Мұрат Құсайынов және басқа да көптеген өнер майталмандары бар.




Көрілген: 1500    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.03.2021, 19:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31