Өркениет

Оразымбетова шетелде "жарысып" демалған әртістеріне өкпесін айтты

  • Фото: Instagram/gulnurorazymbetova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Фото: Instagram/gulnurorazymbetova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Отандық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова жаңа жылдан соң, бірімен-бірі жарыса шетел асқан өнердегі әріптестеріне шүйлікті. Өнер иесі өзге шоу-бизнес өкілдері секілді басқа елді дәріптеп жүргеннен гөрі, отандық туризмді барынша қолдауды құп көреді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Оразымбетова демалыс уақытысын тек өз елінде өткізетінін жасырмады. Эстрада жұлдызы бұл тұрғыда тек қана қазақстандық туризмді таңдайтынын алға тартты.

Сонымен қатар, ел қалаулысына айналған әнші алдағы демалысын қайда және қалай өткізбекші екенін жария етті.

"Ешқандай шетелге де, ешқайда бармаймын. Бізде демалыс үйде, яғни Қазақстанда өтеді. Қазақстнның демалыс орындарына барамыз. Сол жерде демаламыз. Биылғы жоспар - әкесі екі ұлды шаңғыға тұрғызамын дейді" , - деп ағынан жарялды Гүлнұр Оразымбетова.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлнұр Оразымбетованың "Қазақстанның құрметті азаматы" атанғанын хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса, өнер иесі желіде өзінің 20 жыл бұрын қандай болғанын көрсеткен еді. Желідегілер оның бұрынғы суретін қызу талқылап, түрлі пікір білдірген.

Сонымен қатар, әнші ұшақта басынан өткен оқиға жайлы айтып берді. Ол әуе кемесінде жылап қалған.

 




Көрілген: 2069    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 16:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30