Өркениет

«Осы сөзімді халыққа жеткізіңіз!»: Мұхтар Шахановтың «беті бері қарады»

  • «Осы сөзімді халыққа жеткізіңіз!»: Мұхтар Шахановтың «беті бері қарады»

    «Осы сөзімді халыққа жеткізіңіз!»: Мұхтар Шахановтың «беті бері қарады»

Денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жатып қалған Мұхтар Шахановтың беті бері қарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның денсаулығы жайлы ақынның көмекшісі әрі орынбасары Құдияр Біләл facebook парақшасында арнайы жазба жариялады. Естеріңізге салай кетейік, кеше әлеуметтік желілерде "Мұхтар Шаханов дүниеден озыпты" деген қауесет тараған болатын. Осы орайда, жазба ақынның халін ұдайы біліп жүрген Құдияр Біләл "өтірік ақпарды таратуды тоқтатайық!"  деп көпшілікке үндеу тастаған еді.

Енді міне, бүгін ақынмен тікелей тілдескенін желі арқылы жеткізіп отыр. 

"Қазір ғана Мұхтар Шаханов ағамызға жолығып қайттық. Аурухана қаланың сыртында. Ішке кіргізбейді. Мұхтар ағамызбен терезе сыртынан тілдестік. Жағдайы жақсы. Дәрігері: "Екі-үш күнде шығарып қаламыз", - деді. Сосын өз тілінде Мұхаң ауруының мөлшерлік деңгей көрсеткішін айтып шықты. Біз өз тарапымыздан: "Ол қанша болуы керек еді?", - деп сұрадық. Білгеніміз, Мұхаңдыкі сол қалыпты деңгей шамасында екен. Дәрігер де қазақ қой, ол да: "Әлеуметтік желіде айтылып жатқан әңгімелерді біз де естідік. Сондықтан дәрігер ретінде айтамын. Мұхтар Шахановтың жағдайы өте жақсы. Менің осы сөзімді халыққа жеткізіңіз", - деді. Мен дәрігер қарындасыма: "Мұхаңды жақындау жерден суретке тартып беріңізші", - деп өтініш жасадым. Мұхаң өзін суретке түсіретінін білгенде шашын тарақтап, реттеле бастады. Жалпы ауруханадан осындай қуанышты көңіл ауанында қайттық. Баршаңызға рақмет, тілеулес ағайын!", - деп жазды ол. 

 

 




Көрілген: 1077    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.07.2020, 12:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30