Өркениет

Отандық актерлар қанша қаламақы алатынын айтты

  • Фото: Instagram/daurenaidarkulov/make_sakevich. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/daurenaidarkulov/make_sakevich. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Отандық танымал актерлар өз қаламақыларын жария етті. Өнер иелері бір киноға түсу үшін алатын гонорары шын мәнінде қанша екенін айтты. Вайнер Мейірхан Шерниязов бір рөлді сомдау үшін 15 мың доллар талап етсе, актер Дәурен Айдарқұлов бір миллион табысқа да риза болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Қазақстандық киножұлдыздар өздерінің қыруар қаражат алатыны жөніндегі қауесеттерге жауап берді. Олар шын мәнінде алатын қаламақыларын жасырмай айтты.

 

"Он бес мың доллар. Содан басталады да, одан кейін ары қарап төмен түседі. Менің қоятын бір-ақ шартым бар. Менде ставка бір. Бір кішкентай сахнаға шақырдың ба, әлде толығымен басты рөлді сомдау керек пе? Бәрібір. Себебі, бізде сондай продюсерлік шешім бар. Сен түскен бір сәтті алады да, соны трейлерде көрсете береді. Сол үшін менде ставка бір деп айтамын" , - деді Мейірхан Шерниязов.

 

Ал атышулы Дәурен Айдарқұлов кино нарықтағы өзгерістерге қарамастан, бір бағаны ұстап келе жатқанын айтады.

 

"Кейбір кісілер гонорарларым Алматы қаласында осыншама дейді. Сыртқа шықса басқаша деп айтады. Менікі әзіргі уақытқа дейін жалпы бүкіл Қазақстан аумағында гонорарым сол бірқалыпты болып келе жатыр. Бір миллион" , - деді актер.

 

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Қоянбаевтың фильмі Қазақстан кино тарихында рекорд орнатқан болатын. "Бизнес по-казахски в Корее" киносының кассалық жиналымы бір млрд 40 млн теңгені құраған. 




Көрілген: 863    Пікірлер: 0

жұма, 28.02.2020, 11:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30