Өркениет

Отандық әншінің қызы виртуалды ғашығына сеніп, екі пәтері мен көлігінен айырылып қалған

  • Отандық әншінің қызы виртуалды ғашығына сеніп, екі пәтері мен көлігінен айырылып қалған

    Отандық әншінің қызы виртуалды ғашығына сеніп, екі пәтері мен көлігінен айырылып қалған

Әлеуметтік желі арқылы шетелдікпен онлайн қарым-қатынас құрған Әсем бүгінгі күні сан соғып қалғанын айтады.

Отандық әнші Ұлжан Айнақұлованың қызы виртуалды алаяқтардың құрбаны болды. Әлеуметтік желіде жас жігітпен танысқан Әсем Айнақұлова араға бірнеше ай салып екі үйі мен көлігінен айырылып қалған. Қазіргі таңда келіншек баласымен бірге туыстарының үйін паналауға мәжбүр, деп хабарлады 31 арна. 

Әлеуметтік желі арқылы шетелдікпен онлайн қарым-қатынас құрған Әсем бүгінгі күні сан соғып қалғанын айтады. Виртуалды ғашығы оған үйленуге ұсыныс айтып, кішкентай баласына әке боламын деп уәде еткен. Жігіттің ыстық ықыласына сеніп қалған ару тіпті оның ақылына еріп, ірі сомадағы қаражатын криптовалютаға айналдырып, халықаралық платформаға салған. Алайда ақшасын ол қайта қайтара алмапты.

«Сеніміме кіріп, үйленемін деп уәде етті. Балалы-шағалы боламыз деді. Сенің ұлың – менің ұлым. Сенің анаң – менің анам дегендей», – дейді Әсем.
 
Қызбен желі арқылы хат алмасқан жігіт бір инвестициялық компанияның платформасы арқылы ақша табуға болатынын айтып, қызды соған ақша салуға көндірген.

Оған сенген Әсем бастапқыда азғантай сомада қаражат салған. Кейіннен көлігі мен екі пәтерін сатып, ақшасын толықтай аталған платформаға құйыпты. Жалпы алғанда, виртуалды ғашығы қызды 100 мың доллардан астам қаражатқа алдап, тақырға отырғызып кеткен. Бизнес-аккаунт шотына қомақты қаражат жиналған кезде қыз ол ақшаны шешіп алмақ болған. Алайда Әсемнің бұл ойы жүзеге аспаған.

«Black Rock деп аталатын инвестициялық платформаға ақша саласың. Бірақ бұл платформа ақшаны қабылдайды екен де, қайтып бермейді екен», – дейді өкініштен өзегі өртенген ол.
Кейіннен зерттей келе, Әсем өзімен танысқан жігіттің мүлдем басқа адам екенін анықтаған. Ол өзінің суретінің орнына белгісіз актердің суретін қойып қойған екен. Осылайша, онлайн махаббаттың ғұмыры ұзаққа созылмаған. Алайда небәрі үш айдың ішінде әншінің қызы қарызға батып, тіптен баласымен бірге далада қалған.

Психологтардың айтуынша, желі арқылы адамның психикасына гипноз жасап, әсер ету үрдісі белең алған. Сондықтан әңгіме ақша туралы өрби бастаған кезде-ақ секем алған дұрыс дейді олар.

«Сізді алдап түсірмек болып отырғанын ақша туралы сөз қозғалған кезде-ақ түсіну керек. Көп жағдайда олар қыздың психикасына әсер етіп, «сүйем-күйем» деп алып, артынша бір проблемаға тап болғанын айта бастайды. Міне, сондай сәттерде абай болған дұрыс»,- дейді психологтар қауымдастығының президенті Владимир Стеблянко.
Қазіргі таңда келіншек полицияға арыз жазған. Алайда ол тәртіп сақшылары өзіне көмектесе алмайтынына сенімді. Айтуынша, аталған компания – әлем бойынша жұмыс істейтін ауқымды ұйым.

aikyn.kz




Көрілген: 2905    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.07.2021, 18:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30