Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Отандық шоу-бизнестегі танымал жұлдызды жұп ажырасып кетті

18 қазан 2021, 18:17

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Арыстан Мырзагереев пен Әйгерім Үзембаева ресми түрде ажырасып кетті. Бұл ақпаратты әртістің өзі растады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Жұлдызды жұптың айырылысып кеткені жайлы қауесеттер біраз уақыттан бері желіде талқыланып келген.

 

Көпшіліктің мұндай болжамына ерлі-зайыптылардың бірге ел алдында көрінбей кеткені мен Instagram-да бір-бірін өшіріп тастағаны себеп болса керек.

 

Халықтың бұл күдігін Арыстан Мырзагереев толығымен растады. Ол жары Әйгеріммен бір жыл бұрын ажырасып кеткенін мәлімдеп, жеке өміріне қатысты тың жаңалығын "Paparazzi" бағдарламасында бөлісті.

 

"Мерекелік шараларды жарыммен бірге жүргізу міндетті емес. Жүргізушілер жетіп артылады. Иә, біз ажырасып кеттік. Бір жыл болды. Енді ол туралы сұрамай-ақ қойыңыздар. Жеке өмір жеке болып қалсын", - деді Арыстан Мырзагереев.

 

Сонымен қатар, Мырзагереев алдағы уақытта актерлік мансабын қолға алуға ниетті екенін айтып қалды. Өнер иесі жақсы рөлдер ұсынылса, киноға қайта оралуға қарсы емес екенін жеткізді.