"Отаным, саған айтамын" байқауы: Үздік 10 эссе

"Отаным, саған айтамын" байқауы: Үздік 10 эссе

 Елдің ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Назарларыңызға байқауға қатысып жатқан үздік 10 эссені ұсынамыз.

Қатысушы Қуат Ежембек 1990 жылы ШҚО, Үшкөмей ауылында дүниеге келген. 2008-2011 жылы Семей қаласының М. Төлебаев атындағы музыкалық колледжінің "Бұқаралық театрландырылған қойылымдардың режиссері" мамандығын тәмамдады. 2011-2015 жылы Елордадағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің "Театртану" мамандығын үздік бітірген. Қазіргі таңда Елорда филармониясы мен Қуыршақ театрында қызмет етеді. Ежембек өз шығармасын "Отан ішіндегі Отан" деп атаған. "Осыдан бірнеше жыл бұрын мен Отан ішінен Отан тіктім. Ол Отан күн санап менің сарқылмас қазынама, қымбат байлығыма айналып келеді. Оның ішінде береке бар, ырыс бар, құт бар. Бастысы татулық бар. Әлгі татулықты тудай биік ұстау үшін не керек? Менің ойым, бірінші сабыр керек. Сабыр жоқта ашу алқымыныңнан алады. Ашу барда ақыл жоқ. Ақыл жоқта нақыл жоқ", - деп қатысушы өз шығармасын бастаған.


Ал Рамазан Бақырадинов 2003 жылы 26 қазанда Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген. Шалқар қалалық №2 мектеп-гимназиясының 10 "ә" сыныбының оқушысы. Қатысушы өз шығармасында Отанына деген сезімін білдірген. "Жер бетін өз мекенім деп білген бар адамзат баласының оны басқа тіршілік иесінен жоғары көтеріп, ерекше ететін негізгі басты байлығы, ол - саналы сезім мен түйсік. Сезім әрбір тірі жан иесінде болуы мүмкін, бірақ саналы сезім, ой-сана арқылы қия бастырмайтын жұмыр да нәзік сезім, ол тек адамзат баласына тән. Ол сезім адам жанының алтын сандығында сақтаулы жатады", - деп жазады қатысушы.


Тағы бір қатысушы Азамат Ахметқалиев 1 тамыз 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ақжар ауылында өмірге келген. Астана Медицина университетінің түлегі. Қатысушы байқауға жіберген шығармасында еліміздің шығыс өлкесі туралы баяндайды. "Шығыс Қазақстан Алтай тауларымен, Зайсан көлімен атағы шыққан. Сонымен қатар Алтайдың маралдары мен алтай балы да елімізге танымал. Алтайдың асты да алтын, үсті де алтын, беткейі малға, маралға толы. Нұр Зайсан, ару Ертіс, Бұқтырма яғни балығы тайдай тулаған өлке. Қалың орманы да бар,өндірісі дамыған, егіні шалқыған шығыстағы шырайлы мекен - осы Шығыс Қазақстан", - деп жазған Азамат Ахметқалиев.


Заңғар Байтемір 1999 жылы 28 мамырда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бақты ауылында өмірге келген. Бүгінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 4-курс студенті. Ол өз эссесін туған өлкесі Қарқаралыға арнаған. "Осы туған жер туралы толғанғанда қасиетті Қарқаралы туралы айтпай кете алмаймын. Өйткені, мен осы талай ақын атын әнге арқау еткен атақты Қарқаралы жерінің тумасымын. Осы жерде туып, осы жердің саф, таза ауасымен тыныстап, мөлдір суынан дәм татқанымды ойласам, бойымды бір қуаныш, мақтаныш сезім кернейді", - дейді Заңғар Байтемір. Ал Айгерім Мейрханова 2002 жылы 3 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. 2009 жылдан бастап №12 мектеп-гимназиясында білім алады. "Кітап оқып миллионер бол" байқауының лауреаты. Айгерім өз шығармасында 2000 жылдық тарихы бар Тараз туралы жазған. "Жабағылы жас тайлақ жардай атан болған жер, жатып қалып бір тоқты жайылып мың қой болған жер, жары менен сайы тең, жарлысы мен байы тең" - деп гуманистік ұрандаған бабалар арманы бірлік болатын. Ол - Қазтуғаннан қалған, қазақтан қалған үлгі еді", - деп жазады автор.

Тағы бір қатысушы Асхат Қасенғали 1993 жылы ШҚО, Ұржар ауданында дүниеге келген. 2011-2015 жалдары саясаттану, 2017-2019 жылдары тарих мамандығы бойынша білім алған. Алматы қаласындағы "Жастар Үні" ұйымында қызмет етеді. Қатысушы өз эссесінде ауылына деген сағынышы туралы жазады. "Ауылымды сағындым. Бармағалы біраз жылдың жүзі бопты. Туған жердің топырағына табаным тимегеніне төрт жыл. Іштей өзімнен, қарт Тарбағатай мен адуынды Алакөлден ұялып жүрмін. Балалық шақта топырағына аунап, саф ауасын жұтқан қасиетті мекенім "Мені ұмытты ма?" деп кейіп жатқан болар. Жөн-ақ", - деп бастады өз эссесін.

Ал Анар Ахмет 1989 жылы 16 қыркүйекте Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. Қазақ-Америка Университетінде "Журналистика" мамандығы бойынша білім алған. Анар өз шығармасын Алматыға арнаған. "Ал менің шығармашылық жұмысым, арман қалам - Алматы жайында болмақ. Себебі өсіп-өнген жерім дәл осы. Алматым - асқар тауым, мөлдіреген өзен-көлім, жайнаған жасыл бағым! Расымен, көрсең - көзің тоймас жұмақ мекен емес пе? Бұл қаланың әрбір көшесінде менің өткен ізім бар. Менің ғана емес, талай дара туған, еліне еңбегі сіңген белгілі тұлғалардың ізі жатыр", - деп жазады қатысушы. Байқаудың тағы бір қатысушы Газиза Укубаева 1990 жылы 18 желтоқсанда Алматы облысы Көкжиде ауылында туған. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің түлегі. Өз шығармасын орыс тілінде жазған қатысушы отанына арнаған өлеңін де қосқан. Ал Жанат Казбеков 1990 жылы 11 қаңтарда Петропавл қаласында өмірге келген. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. Мамандығы - экономист. Бүгінде Жезқазған АО "КазТрансОйлдың" мұнаймен қамтамасыз ету кадрлар бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады. Қатысушы өз шығармасында Қазақстанның көрікті жерлеріне тоқталған.

Мадина Касимова 1999 жылы Нұр-Сұлтанда дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Екі шет тілі (ағылшын, неміс тілдері) мамандығының 2-курсында оқиды. Мадина өз шығармасында елді қалай дамытуға болатынын жазған. Айта кетейік, кеше шығармалар қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалғаны хабарланған еді. Отан тақырыбындағы үздік проза (эссе, әңгіме) бойынша төмендегідей жүлделер тағайындалған: 1-орын 300 000 теңге; 2-орын 150 000 теңге; 3-орын 100 000 теңге. 20 шілдеде шығармалар қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін алдағы 5 күнде әділқазылар шешімімен жеңімпаздар анықталады. Байланыс телефоны: 8 (727) 388-81-22

kaz.tengrinews.kz
 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста