Өркениет

"Отбасы үшін": Жанар Хамитованың досы әншінің неліктен өзіне қол жұмсауы мүмкін екенін айтты

  • "Отбасы үшін": Жанар Хамитованың досы әншінің неліктен өзіне қол жұмсауы мүмкін екенін айтты

Әнші Жанар Хамитованың өлімі туралы қаралы хабар көпшілікті есеңгіретіп тастады. Оның өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарағаннан кейін, көпшіліктің ойы сан-саққа жүгірді. Марқұмның досы Радик Заитов әншінің өзіне қол жұмсауының себебіне қатысты өз нұсқасын атады.

«Арнау» тобынан кетіп, тұрмысқа шыққаннан кейін өнерден қол үзіп қалған әнші елге оралып, қиын-қыстау күндерді басынан өткергенде көмекке келген дәл осы визажист досы Радик Заитов еді. Ол Жанардың жағдайы туралы әнші Сиви Махмудиге айтып, өнер иелерін таныстырған. Мұң-сырын бөліскен досының өмірден осылайша ерте кетуі Заитовқа оңай тимеді. «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасына сұхбат берген ол камера алдында әрең сөйлеп, көз жасын тоқтата алмады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.


Радик Заитовтың сөзінше, Жанардың өзіне қол жұмсауына балаларынан жырақта жүруі себеп болуы мүмкін.


«Ол отбасымен бірге өмір сүрді. Балаларымен бірге болғысы келді. Ол отбасы үшін қолындағы соңғы нәрсені де беруге дайын еді.


Мен мұндай жағдай отбасы үшін болуы мүмкін деп ойлаймын. Ол отбасымен бірге болғысы келетін. Алайда ол жерде бір тыйым болған болар. Және ол балаларын жиі көре алмады», - дейді марқұмның досы.


Еске салсақ, 16 қыркүйекте «Арнау» тобының экс-солисінің қайтыс болғаны туралыбелгілі болды. Бұл туралы әнші досы Әбу Кай өзінің Инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді.


Артынша полиция әншінің өлімін растап, ҚР ҚК 105-бабы 1-тармағына (Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әншінің өліміне қатысты түсініктеме берді.


Әншіні жерлеу рәсімі 18 қыркүйекте сағат 10:00-де Қарқаралыда өтеді. 




Көрілген: 10380    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.09.2019, 20:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31