Өркениет

"Отбасымызды құртып алған жайымыз бар": Досхан Жолжақсынов қазіргі проблема туралы айтты

  • "Отбасымызды құртып алған жайымыз бар": Досхан Жолжақсынов қазіргі проблема туралы айтты

Танымал актер Досхан Жолжақсынов қазіргі проблема туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.


Танымал актер Досхан Жолжақсынов әр адам өзінің қолынан келетін нәрсені жасау керек деген ұстанымда. Не болса, соған жүгіріп, әлін білмей әлек болу арқылы біз қоғамда үлкен проблема тудырып отырмыз дейді актер. Осылайша ол өзінің биліктің жұмысына араласқысы келмейтінін жеткізген. Өзіміздің ісімізді жасамағандықтан, біз өзімізді де отбасымызды да құртып алдық дейді ол.


"Мен билікті ойласам, баяғыда-ақ соған атсалысатын едім. Мен де біреуге бірнәрсе беретін бе едім. Құдай сақтасын. Әркім өзінің қолынан келетін шарумен айналысқаны дұрыс. Біз бүгін далбасалап, қолымыздан келмейтін шаруамызға құрық сілтеп, отбасымызды да, өзімізді де құртып алдық", - дейді Досхан Жолжақсынов.


Осылайша актер ағынан жарылып, өз саласының дамуына атсалысатынын жеткізген. Әркім өз ісімен айналысуы керек деген ойды алға тартты ол.


"Өзгертетін шаруалар көп қой. Мен түгіл мемлекеттің қолынан келмей жатқан шаруа. Сондықтан мұны, бір ауыз сөзбен мен барсам, коммунизм орнатамын деп айту қиын. Бірақ, өз саламда қолымнан келген дүниені айтып қалуға, көрсетіп қалуға тырысып жатырмын", - дейді Досқан Жолжақсынов.




Көрілген: 2555    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.09.2019, 13:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31