Өркениет

«Өте көп хайп болды»: Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуін кешіргенін айтты

  • «Өте көп хайп болды»: Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуін кешіргенін айтты

    «Өте көп хайп болды»: Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуін кешіргенін айтты

Дизайнер ару қиналған сәттерін қайта есіне алып, өз оқырмандарымен бөлісті.

Отандық танымал актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова соңғы бір жылда өмірінде орын алған ауыр жағдайлармен бөлісіп, көпшілікке өз жан сырын ақтарды. Өнер иесі тіпті бұрынғы жолдасы Қыран Талапбекке деген өшпенділігі жоқ екенін айтып, оны кешіргенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова жүктілігінің басында өзі тап болған түрлі қиындықтар туралы Instagram парақшасында сыр шертті. Дизайнер ару қиналған сәттерін қайта есіне алып, өз оқырмандарымен бөлісті.

"Бұл суретте халім нашар. Отбасылық өмірде де, қаржылық жағдайым да! Оның үстіне, дәрігер де түсік тастау қаупі жоғары екенін айтты. Бірақ мен камераға қарап, күліп тұрмын. Вебинар түсіріп, көңілімді басқа нәрсеге бұрып жүрмін. Ештеңе қарамастан, күндіз-түні жұмыс істеп жүрген кезім. Дәл ара сияқты. Кейде шаршап, жылаймын. Бірақ күшімді жинап, сеніп, алға қарай қадам басамын”, – деп жазды Айжұлдыз.

Адайбекованың сөзінше, жүктілігі кезінде оны токсикоз қатты мазалаған. Алайда, ең қауіпті сәт кейінірек орын алған. Актриса тоғызыншы айында ауыр оталар жасатуға мәжбүр болған.

"Жүктіліктің 9-айында аппендицит. Дәрігер "не операция, немесе бұл соңы" деді. Осы сәтте өмірімнің мәнін жоғалтқандай болдым. Сонда да берілмедім, қатты қорықсам да келістім. Үш аптадан кейін тағы операция. Елестетіп көрші, ішіңде 9 айлық бала, ал сенің ағзаң қалыпқа келіп үлгермеген. Жасыратын несі бар. Осы 10 айда басымнан өтпегені жоқ. Бәрін бар қалпында қабылдадым. Жібердім, кешірдім. Дана бола түстім, есейдім" , – деді Айжұлдыз.

 Сонымен қатар, Жанар Айжанованың қызы экс-күйеуіне қатысты сұрақтарға да жауап берді. Ол Қыран Талапбекті кешіргенін айтып, оған өмірде сәттілік тіледі. 

"Оны баяғыда кешірдім. Сәттілік тілеймін. Өсе бер, құс! Өте көп хайп болды, бірақ бойымда негатив қалған жоқ. Қазақтың баласы! Аман болсын. Бұл өмір. Сондықтан оның парақшасынан шығып кетпей, керісінше қолдаңыздар" , – деді ол. 




Көрілген: 3207    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 12:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30