Өркениет

"Өте сабырлы жан": Фариза Төреәлі алғаш рет көпшілікке енесін көрсетті (фото)

  • "Өте сабырлы жан": Фариза Төреәлі алғаш рет көпшілікке енесін көрсетті (фото)

 Осыдан бірер күн бұрын ғана Төреғали Төреәлі қарындасының ұзату мен үйлену тойын дүркіретіп атап өтті. Арманындағы ақ көйлегін киіп, өзін шынайы түрде қалыңдық сезінген Фариза Төреәлі оқырмандарына барынша ашыла алғаш рет қайын жұрты туралы айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі бұған дейін жолдасының отбасы туралы желіде көп ақпарат беріп көрмеген. Алайда, дүбірлі тойдан кейін қалыңдық ерекше әсер алса керек. Ол біріншіден, енесі туралы бар шындықты айтты. Төреғалидің қарындасы екінші анасына Instagram парақшасында жазба арнаған. Оның айтуынша, жолдасының анасы үнемі оны түсініп, қолдап жүреді. Фариза Төреәлі енесін өте сабырлы жан ретінде сипаттады. Оның үстіне екінші анасы келінін өзіне қатты ұқсататын болып шықты. Оны желі қолданушылары да растауда. Олар енесі мен келінінің өзара ұқсайтынын жазып жатыр. "Менің сұлу анаммен таныс болыңыздар. Әрқашан мені түсінетін, қолдайтын және ақылын айтатын өте сабырлы жан. Мамам мені өзіне ұқсатады. Алла қаласа сіздердің бақыттарыңыз үшін Дархан екеуміз бәрін жасаймыз. Екінші суретте беташар. Бұл күні қатты қобалжығаннан не істеп жүргенімді түсінбей қалдым. Шыны керек бір жағынан қорықтым, бірақ барлығы ойдағыдан да жақсы өтті" , - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Төреғали Төреәлінің отбасындағы дүбірлі той Алматы полициясының назарына ілікті. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желідегі мониторинг кезінде думанды шараның видеоларына тап болған. Карантин кезінде адам көп жиналатын ауқымды жиындар өткізуге тыйым салынған.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 3632    Пікірлер: 0

сенбі, 22.08.2020, 15:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31