Өркениет

«Ойбаай»: әнші Айгүл Иманбаева өзін сынаған жұртқа шүйлікті

  • «Ойбаай»: әнші Айгүл Иманбаева өзін сынаған жұртқа шүйлікті

    «Ойбаай»: әнші Айгүл Иманбаева өзін сынаған жұртқа шүйлікті

 Айгүл Иманбаева тағы да ел аузында. Бұған дейін жеке өмірі қызу талқыға түскен әнші жеке басына қатысты айтылған сындарға жауап берді.

Айгүл Иманбаева әр кезде желідегі оқырмандарына әртүрлі жазба арнап, көңілін көтеріп отырады. Жеке өміріне қатысты ақпаратты көпке мәлім етуге немесе ақталуға міндетті емес екенін талай рет айтқан.

Актриса сахнадағы, өмірдегі, кинодағы түрлі образдарын желіге жүктеп, оқырмандарына ұсынып жүр. Оның бояусыз жүзін сынға алатындар аз емес. Алайда Иманбаева өзіне артық сын айтқандарды орнына қойды.

"Мен әртіспін! Сондықтан мені әртүрлі образда, бояумен, бояусыз , кино, театр, эстрада, телевидениеде көргенде "ойбай" деудің өзі артық. Ол менің мамандығым. Өнерді өнер деп қабылдау көзі ашық, өрелі адамның ісі. Мен еш уақытта жасанды әдемі көрінуге, болмаса тек сұлу фотоларды ғана жүктеуге тырысқан адам емеспін. Мен оқырмандарыма әртүрлі образдағы фото, видеоларымды ұсынғанды жақсы көремін. Сол үшін де мен әртіспін! Ал өмірдегі Айгүлдің жандүниесін білетін, көретін адам онсыз да көреді", деп жазды ол парақшасында.

Желідегі қолдаушы оқырман оның сөзін қостай кетті.

"Еңбегіңіз жана берсін!!! Шығармашылық табыс тілеймін!!!", "Жаным, сен қандай образда болсаң да жүрегің таза, жаның сұлу екенін халқың біледі. Өйткені сен үнемі ізденісте жүресің. Өзіңнен кейінгі жастарға үлгі боларлық жансың. Мен сені жақсы көремін", "Түсінеміз Айгүл ханым, өнеріңіз өрлей берсін!", "Мықты актрисасыз! Сәттілік тілеймін өмірде!", - деп жазды желі қолданушылары.

Skifnews.kz




Көрілген: 888    Пікірлер: 0

жұма, 18.09.2020, 16:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30