Өркениет

Оюлы орамалдар коллекциясын шығарған Роза Әлқожаның кәсібі тоқырауға ұшыраған ба?

  • Оюлы орамалдар коллекциясын шығарған Роза Әлқожаның кәсібі тоқырауға ұшыраған ба?

    Оюлы орамалдар коллекциясын шығарған Роза Әлқожаның кәсібі тоқырауға ұшыраған ба?

Роза Әлқожаның жеке бизнесі тоқырауға тап болған ба? Ал Сәкен Майғазиев кәсібіне жанашырлық танытпаған тыңдармандарына өкпелі ме? Өзімен аттас шай мен әтірін таныстырған Димаштың көздегені табыс па әлде танымалдылық па? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық проталынан оқи аласыздар.
Соңғы кездері өнерден бөлек кәсіпкерлікке бет бұрып, нәпақа табуды сәнге айналдырған шоу-бизнес өкілдерінің қатары артқан. Мәселен, Роза Әлқожа қазақы нақыштағы орамалдар коллекциясын шығарып, жеке бизнеске аяқ басқан еді. Алайда жылдар өтсе де кәсібі алға жүрмеген көрінеді. Оны өнер иесінің өзі де жоққа шығармайды.

«Орамалдан табыс келген емес. Оны дайындаудың өзі ұзақ процесс. Матасын алып келеміз, оны бояймыз, шетін тігу керек болады. Я болмаса, ою салу қажет. Тігіншінің, сатушының еңбегі бар. Жалпы орамалды насихаттауға жасалған жұмыс қой», – дейді Роза Әлқожа.

Бір көргенде Майғазиев халықтың мол махаббатына малынып, көпшіліктің әншіге деген ыстық ықыласы сезілетін еді. Алайда өзінің өнер мектебін ашып, жеке бизнеске бет бұра бастағанда әнші, жанашырларынан гөрі дұшпандарының басымырақ екенін байқаған. Сәкен инстаграмдағы статистикаға сүйене келе, кәсібін шын қолдағандар қатары көп болмағанына налиды.

«Instagramдағы үш миллион оқырманымның ішінен «SMart» өнер мектебінің жеткен жетістігіне шынымен қуанып жазатын адам аз. Мен соған таң қаламын. Кейде жүрегім ауырады», – дейді Сәкен Майғазиев.

Иә, егер де көрсеткіш мұндай төмен болмағанда, Майғазиевтің ашар кәсібі мұнымен шектелмейтін еді. Өнер иесі тіпті өзінің атауымен киім үлгісін шығаруды да көздеген. Алайда халықтан қолдауы аз болған соң бұл ойынан айныған.

«Жасыратыны жоқ, мен СМ деген киім үлгісін де, иіс суын да шығарғым келді. Бірақ әрі кеткенде менің тыңдармандарым ғана алуы мүмкін еді. Он мың, жә, жүз мың адам деп айтайыншы», – деді әнші.

Отандық өнер өкілдері арасында шай бизнесін бастағандар да аз емес. Төреғали Төреәлі, Димаш Құдайберген, Айдар Тұрғанбектің де қара шайын халық тұтынды. Алайда «Жігіттер» тобының белді мүшесі, араға уақыт салып, көпшілікке кәсібінің алға жүрмегінін жария еткен еді. Әншілер арасында иіс су шығару да белең алып тұр. Мәселен былтыр Димаш өз атымен өндірілген парфюмінің тұсауын кессе, аз уақыттан соң Қайрат Нұртас та әтірін халыққа таныстырды.

«Әрбір танымал адамның өзінің атымен түрлі өнім шығаруы – ол халықаралық тәжірибеде бар», – деді Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев.

Аты аталған жұлдыздардың ашқан кәсібі алға баспаса да, өнеріне халықтың қошеметі азайған жоқ. Жеке бизнесте қабілеті кем болғанымен, олардың тойдағы табысы ортаймақ емес. 




Көрілген: 551    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 11:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29