Өзбек «Ақжүнісі». Ол кім?

Өзбек «Ақжүнісі». Ол кім?

Ақжүніс десе «Ер  Тарғын» дастанындағы ару да қайсар қыз және соның операдағы бейнесін сомдаған қазақтың даңқты әншісі Күләш Байсейітова есімізге түседі. Ал Ақжүніс образын өзбек сахнасына алып шыққан қандай әнші? Ол − өзбек опера әншісі, актриса, педагог, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Халима Насырова.

 

Музыкасын Евгений Брусиловский, либреттосын Сағыр Камалов жазған «Ер Тарғын» операсының премьерасы 1937 жылы 15 қаңтарда Қазақ музыка театрында (қазіргі Қазақ академиялық опера және балет театры) өткен.  60-тан астам қазақтың халық ән-күйлері шебер қолданылған бұл туынды қазақ операсының «Қыз Жібектен» кейінгі ірі табысы болды. Операны алғаш қойған режиссер Құрманбек Жандарбеков, басты рольдерді Қанабек Байсейітов пен Күләш Байсейітова ойнады. Іле-шала «Ер Тарғын» операсы  Өзбекстан мен Башқұртстанның театрларында да қойылған. Міне сол өзбек сахнасында қойылған «Ер Тарғында» Ақжүніс образын сомдаған Халима Насырова пәни дүниеде 90 жыл өмір сүріп, өзбек операсына терең із қалдырған әнші еді.

 

Халима 1913 жылы Қоқанд уезінің (қазіргі Фергана облысы) Таглык қышлағында дүниеге келген. Отбасында тоғызыншы бала. Балалар үйінде тәрбиеленген. 1924-1927 жылдары Баку театр техникумында (қазіргі Әзірбайжан мемлекеттік мәдениет және өнер институты) оқыған. 1930-1986 жылдарда Ташкенттегі Өзбек мемлекеттік опера және балет театрының (қазіргі Әлішер Науаи атындағы Үлкен театр) солисті болды. Өзбек саханасында қойылған көптеген жергілікті және шетелдік операларда басты рөлдерді сомдады, соның бірі «Ер Тарғын» операсындағы Ақжүніс бейнесі.

 

Опера және концерттік әнші ретінде еңбек етті. Өзбек әндерімен бірге қазақ, әзірбайжан, тәжік, орыс, украин, қытай, армян әндерін де орындады. Гастролдік сапармен Германия, Қытай, Үндістан, Индонезия, Иран, т.б. елдерде болды. Сонымен қатар 1979-1986 жылдарда Ташкент консерваториясының шығыс музыкасы кафедрасында ұстаздық етті.

 

Екі рет (1942, 1951) Сталиндік сыйлықтың (кейін КСРО мемлекеттік сыйлығы), Өзбестан Мемлекеттік сыйлығының (1958) лаураты, КСРО және Өзбекстан халық әртісі атағын алған. 2003 жылдың 3 қаңтарында Ташкентте  дүние салып, Шағатай зиратында мәңгілік дамыл тапты.

 

Халима Насырова өзбектің атақты жазушысы, Өзбекстан халық жазушысы, академик Камил Яшеннің (1909-1997) жары болды.

 

Халима өзі дүниеге келген отбасы туралы жазғандарында шешесі әкесінің екінші әйелі екенін, анасының отбасындағы өмірі қиын болғанын, бес жасында «революция», «большевик», «басмачи» деген сөздерді естігенін, әпкелерінің қиын тағдырын, өзін кеңес үкіметінің құтқарғанын, анасының шешімімен интернатта тәрбиеленіп арманына жеткенін әңгімелейді.

 

Келесі жылы «Ер Тарғын» операсының сахнаға шыққанына 85 жыл толады. Ол да қазақ музыка өнерінің айтулы даталарының бірі саналады. Демек, «Ер Тарғын» операсына қатысты деректерді осы бастан назар аудара берген жөн. Біздің әзірге білеріміз 1938 жылы «Ер Тарғын» операсының өзбек сахнасында қойылып, онда Ақжүніс бейнесін өзбектің тамаша әншісі Халима Насырованың сомдағаны. Оның сол кездегі Ақжүніс бейнесіндегі суреті Мемлекеттік Өзбекстан тарихы музейінде сақталған.

 

 

 

turkystan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста